Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 26.12.2014 жылғы «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы» № 544 (өзгерістерімен 03.07.2023 ж. № 194) бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін мерзімі: 2024 жылғы 15-30 сәуір аралығы.
Конкурстың өткізілетін орны: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 422 кабинет .
Конкурс кезеңдері:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа құжаттарды қабылдау;
3) конкурстық комиссияның отырысын өткізу, конкурсқа қатысушыларды іріктеу;
4) конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша іріктеуден өткен білім беру ұйымының материалдарын конкурстың ІІ кезеңіне ұсыну;
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі мен орны: білім беру бөлімінің ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурсқа құжаттарды қабылдау Павлодар қаласының білім беру бөлімінің кеңсесі, 10 терезе немесе 415-кабинет жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) 26.12.2014 жылғы № 544 бұйрықтың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдар.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 8(7182) 32-18-77, 8(7182) 61-60-85, электрондық мекенжайы: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz