2024 жылғы 27 қыркүйекте сағат 15.00-де Павлодар қаласының № 7 жалпы орта білім беру мектебінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 5-сынып оқушылары арасында қалалық математикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтеді. Мақсаты – дарынды балаларды ерте анықтау және математика ғылымдары саласындағы мотивация.
Олимпиада «OLYMPHOUSE» олимпиадалық дайындық орталығы мен бірлесіп 2 кезеңде өткізіледі.
1-ші кезең - іріктеу-математикалық тест тапсырмалары орындау. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар 4 қазандақ орытынды кезеңге қатысады.
2-ші кезең - қорытынды - 4 есептерді шешу.
Олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздарымен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі