2024 жылғы 15 қазанда сағат 10.00-де А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің базасында Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту жәнебалалардың дарындылығын дамыту орталығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткізіледі. Мақсаты – талантты зерттеушілерді қолдау, түрлі деңгейдегі байқауларға қатысу үшін зияткерлік әлеуеттіқ алыптастыру.
Конкурсқа қатысу үшін қаланың 35 жалпы білім беретін мектебінің 8 - 11 сыныптарының 243 зерттеушісі 224 жұмыс ұсынды, оның 19-ы Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі бекіткен 4 бағыт бойынша командалық жұмыс. «Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» секциялар бойынша - физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым.
«Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» секциялары бойынша - математика, қолданбалы математика, экономика, информатика.
«Салауатты табиғи орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асырудың негізі секциялары бойынша - биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» секциялары бойынша - тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, адам және қоғам.
1 және 2 орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер қараша айында облыстық іріктеу кезеңіне қатысады.
Павлодар қаласының білім бөлімі