Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Әбіш оқулары туралы
08-01-2025 12:24

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен 2025 жылғы 14 қаңтарда сағат 10.00-де № 6 мектепте (Генерал Смағүлов к-сі, 78) «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық  кезеңі өткізіледі.

Байқаудың мақсаты-поэзияға деген қызығушылықты қалыптастыру, өз ойларын ғылыми тұрғыда дәйекті түрде жеткізе білу қабілетінде өз білімін сынау, қазақ көркем әдебиетін оқуға баулу.

Оқуларға  8-11 сынып оқушылары, байқаудың мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

Оқулар төрт номинация бойынша өтеді: - Әбіш Кекілбаев шығармаларынан «Иллюстрациялық суреттер салу»; - Ә.Кекілбаевтың шығармаларын жатқа оқу; - Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Зерделеу жоба» конкурсы; - «Сахналық қойылым».

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қалалық оқу жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

Павлодар қаласыны білім бөлімі