Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Мұғалімнің кәсіптік деңгейінің өсуі:дәстүрлер мен өзгерістер » атты халықаралық конференциясы
08-12-2011 11:04

 

«Мұғалімнің  кәсіптік деңгейінің  өсуі:дәстүрлер  мен  өзгерістер »  атты халықаралық  конференциясы

 

ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың берген сұхбаты

-Құрметті Бақытжан  Тұрсынұлы,кешегі  болып  өткен   «Мұғалімнің  кәсіптік деңгейінің  өсуі:дәстүрлер  мен  өзгерістер »  атты халықаралық  конференцияда  сөйлеген  сөзіңізде Сіз педагогикалық мамандықты  таңдаған  талапкердің баламен жұмыс  істеуге  бейімділігін анықтау  мақсатында  қосымша  тексеру қажеттілігін  айттыңыз.    
Бұл  мәселе  неден  туындап отыр?


-Қазіргі кезеңде дүние жүзінде  адамдардың  кәсіптік  бейімділігі  мен психологиялық  сапаларына қатаң  талап қоя  отырып, мамандыққа  оқыту үшін  кәсіпке  жарамдылығын  анықтау  өзекті  проблемаға  айналып отыр.
Мұндай  кәсіп  түрлеріне ұшқыш, альпинист,полицей сияқты «экстремал»
жұмысты  талап  ететін  мамандықтармен қатар адамдармен тұрақты жұмыс  істейтін мұғалім, дәрігер...т.б қең  тараған  мамандық түрлері де жатады.
Адамдардың  мұндай кәсіп түрлерімен айналысуы табысты болу мүмкіндігін    бағалау үшін өз  мамандығын жетік  меңгерумен қатар кәсіпке жарамдылық  ұғымына кіретін  психологиялық  мінездеме де  қажет болып отыр.
Психологиялық сөздікте кәсіпке  жарамдылық ұғымы  жемісті еңбек етуге  қол жеткізудің қажетті  және жеткілікті шарты -адамдардың психикалық сапалары болып табылады деп көрсетілген.

Кәсіпке  жарамдылық  адамдардың бейімділігі мен мотивациясына,білім, білігіне,мінез-құлқына,психикалық және эмоционалдық жай-күйіне және т.б тікелей байланысты.

Мысалы,өркениетті елдерде дәрігерлердің жұршылыққа белгілі кәсіпке  жарамдылық критерилері қабылданған.

Қызмет көрсету саласында әдептілік, көпшілікпен тіл табыса білу,сыпайы қарым-қатынас жасай білу сияқты сапалар арқылы мамандардың  кәсіпке  жарамдылық  қабілеті анықталады.Ресейдің Калининград облысында жорғы оқу орнының қызмет көрсету саласына оқуға түсетін талапкерлер арнайы психологиялық тесттен  өтеді.

Бұл проблема педагогтар үшін де өзекті мәселеге айналып отыр.
Себебі мұғалім жас жеткіншекке ата-анасынан кейінгі өмірге бағыт-бағдар беретін екінші адам болып табылады.

Сондықтан әлемнің бірқатар елдерінде мұғалім мамандығына іріктеу жүргізуге қатаң талап қойылады.

Атап айтқанда АҚШ-та 1967 жылдың өзінде мұғалім кадрларын жетілдіру туралы Заң қабылданған,сонымен қатар мұғалім мамандығын таңдаған адамдар балалармен жұмыс істеуге бейімділігін анықтайтын тест тапсырып,арнайы әңгімелесуден өткен.

Ол жерде,мысалы, Голмс тобының  комиссиясы,педагогикалық мамандыққа студенттерді қатаң түрде  іріктеудің үлкен программасын жасаған.
Германияда бұл міндетті болашақ мұғалімдерді кәсіптік бағдар арқылы іріктеу жолымен шешеді.

Қытайда педагогикалық жоғарғы оқу орнына жүздеген талапкерлердің арасынан  тек бірнешеуін ғана іріктеп алады,сондықтан педагогикаға осы салада нағыз жұмыс істей алатын адамдар ғана келе алады.
Бұл проблеманың маңыздылығы  мектептерде жиі көрініс беріп отырған күш көрсету,педофилия,дөрекілік сияқты   мүлдем жол беруге болмайтын, баланың болашақ өміріне зор қауіп төндіретін фактілердің орын алуына байланысты  қоғамдық резонанс тудырып отыр.

Бұл мәселе Қазақстанда да байқалып отыр.
Сондықтан біздің елімізде мұғалім мамандығын таңдаған жастардың педагогикалық мамандыққа жарамдылық  қабілетін  жоғарғы оқу орнына түсу кезінде анықтау қажет.

Осы орайда іріктеу критерилері ретінде педагогикалық қызметке ұмтылу,балармен жұмыс істеуге бейімділік,тек білім алу емес, оны басқаларғаүйрете білу,психологиялық тұрақтылық,қиын жағдайларда ұстамдылық көрсете білу,сыпайылық, жоғары моральдық қасиеттер алынуы тиіс.Күш көрсету,садизм,дөрекілік,педофилия,ұстамсыздық,т.б психологиялық және эмоционалдық ауытқушылықтарға мүлде жол беруге болмайды.Мұндай адамдар біздің балаларымызға мұғалім болуға болмайды дегеніме барлықтарыңыз да келісетін боларсыздар деп ойлаймын.
Сондықтан Білім және ғылым министрлігі педагогикалық мамандыққа
түсетін талапкерлерге мамандыққа жарамдылық  қабілетін  анықтайтын
қосымша бағалаулардың мүмкін болатын варианттарын жасауға кірісті.
Бұл бағалаудың қандай формада болатыны туралы айту әлі ерте,тест түрінде ме, психолог-мамандармен әңгімелесу түрінде ме,немесе басқаша түрде ме, оны уақыт көрсетеді.

-Әңгімеңізге рахмет!