10.12.2011ж. «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған өзге ұлт өкілдер арасында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша республикалық сайыс өтті. Сайыс 7-14 жасқа дейін, 15-22 жасқа дейін екі категориядан және 3 кезеңнен тұрды. Сайысқа Астана, Семей, Қарағанды және Павлодар қаласының , облысының студенттері мен оқушылары ат салысты. Павлодар қаласының мектеп оқушылары да өз білімдерімен өнерлерін ортаға салып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ , ІІ дәрежелі диплом және компьютермен принтерді №29 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Афанасьев Павел иеленсе , ІІІ дәрежелі диплом және сандық фотоаппарат №43 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Гадамурова Маремге бұйырды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


