ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі
16-11-2012 06:11

 

Инновациялық-педагогикалық идеялардың

республикалық фестивалінің облыстық кезеңі

 

2012 жылғы 9 қарашада дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебі базасында инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің І облыстық кезеңі өтті.

Фестиваль мақсаты – заманауи мектептер, мектепке дейінгі мекемелер мұғалімдері мен басшыларының инновациялық тәжірибелерін тарату және ғылыми-әдістемелік зерттеу.

Фестивальға облыстың 14 мектепке дейінгі білім беру мекемесі және 33 мектептен 146 адам қатысты. «Білім берудегі менеджмент жүйесі», «Гуманитарлық ғылымдар», «Физика-математикалық ғылымдар», «Жаратылыстану-ғылыми ғылымдар», «Мектепке дейінгі және қосымша оқыту» 5 бағыт бойынша 131 жоба ұсынылды.

Әділқазылар құрамына павлодарлық ЖОО ғалымдары кірді.

Фестивальдің облыстық қорытынды кезеңінің нәтижелері бойынша облыстың 14 мектепке дейінгі мекеме, 23 мектептен 53 жоба жүлделі орындарға ие болды.

«Білім берудегі менеджмент жүйесі» бағытында 2-орын Павлодар қаласы № 34 ЖОМ мұғалімі Муталипова  Жұлдыз Аманқұлқызы.

«Гуманитарлық ғылымдар» бағытында 1-орынға Павлодар қаласы № 34 ЖОМ мұғалімі Еленич Наталья Александровна, 2-орынға- Павлодар қаласы № 34 ЖОМ мұғалімі Быценко Марина Юрьевна, Павлодар қаласы № 9 гимназия-мектебінің мұғалімі Балагазинова Гульшекер Тохтаровна, Павлодар қаласы № 9 гимназия-мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Пыстина Лидия Митрофановна ие болды.

«Физика-математикалық ғылымдар» бағытында информатика мұғалімі Баядилова  Асем Канатовна, Павлодар қаласы № 29 сәбилер бақшасының информатика мұғалімі, Павлодар қаласы № 9 гимназия-мектебінің мұғалімі Мухаметжанова Баглан Молдабаевна,  3-орын алды.

«Жаратылыстану-ғылыми ғылымдар» бағытында «Павлодар қаласы № 34 ЖОМ биология мұғалімі Загравская Елена Валентиновна 3-орынға ие болды.

«Мектепке дейінгі және қосымша оқыту» бағытында 1-орынға Павлодар қаласы № 111 сәбилер бақшасының педагог-психологы Деймунд Татьяна Юрьевна, Павлодар қаласы № 111 сәбилер бақша әдіскері Оразалинова Гульсум Нажмиденовна, 2-орынға Павлодар қаласы № 111 сәбилер бақша әдіскері Алпысова Айгуль Кабдыгалимовна, Павлодар қаласы «Смарт кид» сәбилер бақшасының тәрбиешілері Жанасова Сауле Кундакпаевна, Жукова Ольга Владимировна, Павлодар қаласы № 51 сәбилер бақша әдіскері Махметова Жанмарал Какауовна, Павлодар, Павлодар қаласы № 38 сәбилер бақша тәрбиешісі Петрова Елена, 3-орынға Павлодар қаласы № 126 сәбилер бақшасының музыка жетекшісі Катусенко Наталья Николаевна, Павлодар қаласы № 51 сәбилер бақша тәрбиешісі Константинова Татьяна Викторовна, Павлодар қаласы № 53 сәбилер бақшасының музыка жетекшісі Науменко Наталья Андреевна, Павлодар қаласы № 22 сәбилер бақшасының дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы Нургазина Анна Ивановна, Павлодар қаласы № 22 сәбилер бақшасының дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы Рейзвих Татьяна Анатольевна, Павлодар қаласы № 111 сәбилер бақшаның аға тәрбиешісі Слабкова Таисия Владимировна,  Павлодар қаласы № 126 сәбилер бақша тәрбиешісі Филиппова Римма Павловна, Павлодар қаласы № 26 сәбилер бақша тәрбиешісі Шост Татьяна Анатольевна ие болды.

Павлодар облысы 18 мектептен, 8 мектепке дейінгі мекемеден 1-орын, 2-орын алған 38 педагог 2012 жылғы желтоқсан айында өтетін республикалық фестивальға қатысатын болады, 31 жоба ұсынылатын болады.