Қазіргі таңда қалалық білім беру бөлімінің және мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі- ол мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы түрде дайындау. Шын мәнінде, барлық қиыншылықтарына оқушыларды бейімдеп оқыту, ҰБТ-ға дайындау барша мұғалімдердің алдында тұрған міндет. Осындай келеліміндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, оқытудың әдістерімен тәсілдерінің пәнді игерудің тың технологиясын қарастырады. Осы мәселені іске асыру жолында 2012 – 2013 оқу жылына бекітілген білім беру бөлімінің жоспары негізінде әр айдың бірінші сәрсенбісінде Павлодар қаласындағы жалпы орта білім беру мектептерінің 11-сыныптағы озат оқушыларына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша аймақтық ҰБТ-ға дайындаудың арнайы дәріс сабақтары өткізіледі.
Аймақтық кеңес берудің басты мақсаты- оқушылардың білім деңгейін , оқу ынтасын , белсенділігін арттыру, ҰБТ-ға нәтижелі дайындау .
2013 жылдың ақпан айының 6-сы күні кезекті «аймақтық» дәріс сабағы №16,18,21,29,39,20,19,24,22, Стикс мектептерінде өткізілді. Аталмыш дәріске 45 қала мектептерінің 200-ден аса оқушылары қатысты. Қазақ тілінен кездесетін әр түрлі қиын тақырыптар бойынша дәріс оқылды. Оқушыларға тақырыпты тиімді жолмен, қысқа әрі сапалы түсіндіріп, мұғалімдер жеке жұмыс жасай білді. Әр дәрістен соң, 10-15 сұрақтан тұратын тест жұмысы орындатылды. Жіберілген қателер бойынша бірден қатемен жұмыстар жасалынды. Озат оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында өткізілген дәріс сабақтың оқушы білімін жинақтауға септігін тигізді деген ойдамыз.
Х.Бекбосынова
Қалалық білім беру
бөлімінің әдіскері


