Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
"Мектеп-ЖОО" бағдарламасы аясында маңызды семинар өтті
18-02-2013 05:18

   Бүгінгі таңда педагогтардың қойылған бірден-бір міндет –оқушының алған білім сапасын арттыру. Сол мақсатты іске асыру жолында жалпы орта білім беру мен жоғары білім беру ордалары тығыз байланыс орнатуда. Бұл сабақтастық «Мектеп-ЖОО» бағдарламасының аясында өтіп жатыр.  Павлодар қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ақпанның 16-сы күні №29 мектеп базасында «Мәтін интерпретациясындағы практальдық негіздер. Тыңдалым мәселелері» тақырыбы бойынша семинар өтті. Әрдайым мектеп педагогтарына ғылыми-әдістемелік көмек көрсететін Инновациялық Еуразия Университетінің оқытушылары осы жолы да өз қол ұштарын берді. Қазақ тілі мұғалімдерінің алдарында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тина Қабылқасымқызы Маняпова сын-тұрғысынан ойлау технолгиясы арқылы тыңдалым әрекетінің жүзеге асыруын әр түрлі тәсілдер арқылы түсіндіру негіздерін көрсетті. Семинар практикалық тұрғыда өткізіліп, мұғалімдер өздері оқушылар рөлін атқара отыра, өзегінен өткізіп, оқушылар қалай қабылдайтынын түсінуге тырысты. Маңыздылығы жоғары бұл семинар ұстаздардың осы бағытта білімін арттыруға үлесін қосты деген сенімдеміз.

 

Павлодар қаласы

білім беру бөлімінің әдіскері

 Х.В.Бекбосынова