ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Инновациялық педагогикалық озық тәжірибе өз жалғасын табуда
19-02-2013 09:11
Инновациялық педагогикалық озық тәжірибе өз жалғасын табуда

     Инновацияляқ педагогикалық озық тәжірибемен бөлісу- қазіргі заманның талабы. Бүгінгі  күнде де өз тәжірибесімен бөлісетін мұғалімдер баршылық және инновациялық тәжірибемен бөлісу өз жалғасын тауып келеді. Былтырғы оқу жылында өз тәжірибелерін алқалы тыңдалымда қорғап, биылғы оқу жылында қала мектептерінің қазақ тілі мұғалімдері арасында өз тәжірибелерімен бөлісіп жүрген мұғалімдерінің бірі - ол №24 мектебінің ұжымдық тобы.

    Бүгін, яғни 19.02.2013 жылы №24 ЖОМ негізінде «СТО технологиясының білім мазмұныны терең меңгерген оқушымен жұмыс істеудің тиімді жолдары» тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинар 2 кезеңге бөлінді.

   1 кезең - практикалық , бұл кезеңде №24 ЖОМ мұғалімдері Ережепова А.Х. және Қазыбаева Ү.Ж. ашық сабақ көрсетті. Сабақ құрылымы толығымен СТО технологиясының стратегияларымен байланысты болып, білім мазмұнын толық игерген оқушылармен жұмысының түрлерін көрсетті.

   2 кезең – СТО технологиясы бойынша Смағұлова Г.С. мұғалімдермен тренинг өткізді. Жұмыс барысында өткізілген 2 ашық сабақты талдай отыра, әдістерінің құндылығымен тиімділігін ортаға салып, талқылады.

  Семинар соңында мұғалімдер бұл технология  заманауи сабаққа негізделгеніне көздерін жеткізіп, осындай қазіргі заманның талабына сай технологияларды қолдану оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынталарын арттырады деген сенімдерін білдіріп, семинар өткізген мұғалімдерге алғыстарын білдірді. Семинардың маңыздылығы, тиімділігі ұстаздардың көңілдерінен шықты.

  «Жақсыны көрмек үшін» дейді халқымыз, жақсы ұстаздар қауымына дарып, болашағына қызмет етсе, нұр үстіне нұр болар еді.

                                      

                    Павлодар қаласы білім  беру бөлімінің әдіскері                     

        Халида Бекбосынова