«МӘШҺҮР –ЖҮСІП: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты V облыстық интеллектуалдық форумынын жеңімпаздары
Облыстық білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2013 жылғы 23 cәуір күні Павлодар қаласы № 19 орта мектебінде «МӘШҺҮР–ЖҮСІП: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты V облыстық интеллектуалдық форум өткізілді. Сайысқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 51 оқушысы қатысты.
Қазылар алқасының шешімдері негізінде жүлделі орындар төмендегідей бөлініп орналасты. «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында: ІІІ орынды – Павлодар қаласы №19 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мунсызова Айжан, Павлодар қаласы № 25 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Касанова Айымгүл иеленді. Сайыскерлерге мектепішілік Мәшһүр-Жүсіп атындағы ғылыми-этнографиялық мұражайға саяхат ұйымдастырылды.