ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ІV Абай Құнанбайұлы оқулары» сайысының қорытындысын қуана хабарлаймыз
29-04-2013 11:04
«ІV Абай Құнанбайұлы оқулары» сайысының қорытындысын қуана хабарлаймыз

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес № 35 жалпы орта білім беру мектебінде  қаланың бастауыш сынып  оқушыларының арасында  қазақтың  бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын  кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2013 жылғы  26 сәуірде  дәстүрлі қалалық  «ІVАбай Құнанбайұлы оқулары» өткізілді.

Абай оқуларының басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау, жалпы бiлiм беретiн оқу орындары бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлеттерiн, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезiм мәдениетiн дамыту, оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу,оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың өнерінің шыңдала түсуіне,сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу.

Қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің ішінде қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: №1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12,13, 16, 17, 18, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28,  29, 30, 32, 33, 34, 35, 38, 39, 40, 41, 42, 43, КОМ, №2 КБМ, №3 КБМ, Стикс( 37 мектептен 96 оқушы қатысты).

«ІV Абай Құнанбайұлы» оқулары бойынша:

 «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу  аталымынан

Бас жүлдеге №38 ЖОМ оқушысы Хунафия Бақдәулет, №22 ЖОМ                        

Нұғыман Лейла, №25 ЖОМ Бейсенбекова Әйгерім ие болды;

І орынға – №29 ЖОМ оқушысы Асайын Еркегүл, №21 ЖОМ      

оқушылары Мерген  Аружан, Остапенко Полина иеленді;

ІІ орын алғандар: №12  ЖОМ оқушысы Мұрат Азат, №21 ЖОМ                  

оқушысы Сейдалы Аделя, № 35 ЖОМ оқушысы Құсманғалиева Азель,                                    

№ 41 ЖОМ оқушысы Мұстафинова Әсел, №28 ЖОМ оқушысы     

Марченко Татьяна, №4 Масанова Риза.

ІІІ орын алғандар: №13 ЖОМ оқушысы Ермұхамбет Ерқанат, №22 ЖОМ         

оқушылары Камали Ақерке, Жоламан Балжан, №29 ЖОМ оқушылары     

Иванова Ангелина, Тулешов Асқар, №30 Белғожанова Әйгерім, №34    

Гурьева Альяна, №40 Сәбит Жұмабек, №42 Темірғазина Дарина, №43                   

Дудко Илья, №18 Денисова Виолина,  №11 ЖОМ оқушысы Орлов Данил.                

  «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындаршығармашылығы аталымынан : Бас жүлдеге №38 ЖОМ оқушысы Сатбол Ердос ие болды.

І орынға – №25 ЖОМ Мұхаметжан Мейірім иеленді.

ІІ орындарды  – №17 ЖОМ оқушысы Усаханова Айсана,КЖОМ оқушысы                    

Долинский Илья  алды.

ІІІ орынға -  №2 ЖОМ оқушысы Абдрахманова Әмина, №35 ЖОМ оқушысы             

Нуркаева Аружан, №40 ЖОМ оқушысы Нұрболат Марал қол жеткізді.

 «Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен  тәтті күй» әндер орындау аталымынан: Бас жүлдеге №40 ЖОМ оқушысы Нұрғали Әйгерім ие болды.

І орынды № 35 ЖОМ оқушысы Сұлтанбек Еркежан, №25 ЖОМ               

Тегисова Айғаным, №19 ЖОМ Аманжол Сұлтан иеленді;

ІІ орынды  № 22 ЖОМ оқушысы Сәрсебеков Әли, № 24 ЖОМ оқушысы            

Нұрғисақызы Әйгерім, КЖОМ оқушысы Новикова Марина,

№39 ЖОМ оқушысы Ибрагимова Карина алды.

ІІІ орындарға  №25 ЖОМ оқушысы Мұхаметжанова Әйгерім,                                     

№19 ЖОМ оқушысы Уәлиханова Мерейлім, №29 ЖОМ оқушысы   

Аманжолова Алина, №34 ЖОМ оқушысы Маршал Виктория,

№42 ЖОМ оқушысы Мананникова Анна қол жеткізді.

 Заманымыздың осындай дарынды балаларына қарап, қуанышымыз қойнымызға сыймай, осы ұрпақтарға келешекте де тек жеңiстердiң шыңдарынан көрiне берсiн ,  тұғырлы табыстарға жете берсін дегiмiз келедi.

                         ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Білім беру бөлімінің әдіскері: Х.Бекбосынова