Мектеп – өз салты мен ережелері бар әлем. Университетте алған білімдері теориялық негізінде ғана жақсы, ал өмірінде – бәріде басқаша екенін жас мұғалім тек қана жұмысқа кіріскенде тез ұғады.
Еңбек жолының басында жас маман көптеген қиындықтарға кезігеді. Сабақта уақытты дұрыс бөлмеуі, сабақтың кезеңдерін логикалық ретімен бір-бірімен байланыстыруы, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде қиындықтары, әріптестерімен өзара түсіністігі жоқтығы және басқа қиыншылықтарға тап болады. Жыл сайын 50-ден аса жас мамандар қала мектептеріне жолдама алады.
Қалада төртінші жыл «Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» («ПроЛС») клубы жұмыс істейді. Оның жетекшісі – Наталья Владимировна Копыльцова, №36 мектебінің директорының орынбасары. Клубтың сабақтары ай сайын әр тақырыптарға және мектеп психологы Марият Сулейбанқызы Магамедованың сүйемелдеуімен өтеді.
№36 мектебінің базасында «ПроЛС» клубының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияда өз тәжірибесін келесі жас мамандар көрсетті: №13 ЖОМ тарих мұғалімі Л.Ж. Асқарова, №24 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі А.К. Серғалиева, №30 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Г.А. Абілханова, №19 информатика мұғалімі М.М. Абдрахманова, №26 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Ю.В. Сергеева, №31 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі М.С. Кужахметова, №21 ағылшын тілі мұғалімі А.Ж. Сансызбаева, №36 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі С.С. Сансызбаева.
Жас мамандарға тәлімгерлер – қала мектептерінің тәжірибелі ұстаздар, пәндік әдістемелік бірлестігілерінің жетекшілері, әкімшілік мүшелері және қала мектептерінде ұйымдастырылған «Жас мұғалімдерінің мектебі» көмек көрсетеді. Осыған үлгі №24 мектебінің «Жас мұғалім мектебі» белсенді жұмысы. Осы мектептің негізінде облыстың және қаланың жас мамандарға арналған облыстық семинар өтті. Семинарда мектептің 22 жас мамандары ашық сабақтарды, сыныптан тыс шараларды, шебер сағаттарды көрсетті. Семинарға 100-ден аса жас ұстаздар қатысты.
Жоғары оқу орындарының түлектері мұғалім мамандығын таңдап №9 – 23, №25 – 16, №39, №43 – 13, №11 – 12, №34, №42 – 11жас маман мектеп есігін ашқаны қуантады.
Ұстаз мамандығы өте қиын, оған мектептің тәжірибелі педагогикалық ұжымы бейімделуге көмек көрсетіп, қол үшін беруге тиіс. Конференцияда осы және де басқа мәселелері туралы жас мамандар сөз қозғады. Қатысушылар басқа мектептен келген әріптестеріне сұрақ қойып, өздерінің тәлімгерлеріне алғысын білдірді және әрі қарай «ПроЛС» клубымен серіктес болып, белсенді қатысушы болуға ниет білдірді. №36 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті жас мұғалімі С.С.Сүлейменованың «...нан табу үшін емес, ар үшін жұмыс істеу...» деген ұстанымы көпшілікке өте қатты әсер етті.
Жас мамандар бірлестігі кәсіби өсуіне жағдай жасайды және жас мұғалімнің өздігінен ашылуға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық қызметінде табысқа жету ниетін тудырады. Дәл осындай ұжымда нағыз ұстаз қалыптасуы мүмкін.
Конференция жұмысына қала мектептерінің 53 жас мұғалім қатысты: 16 бастауыш сынып мұғалімдері, 10 – ағылшын тілі, 5 – тарих, 5 – психолог, 4 – информатика, 3 – қазақ тілінің, 3 – орыс тілінің, 1 – физика, 1 – биология, 1 – география, 1 – дене шынықтыру.
Жас мұғалімдерге барлық бастамаларында табыс және сәттілік тілейміз!!!
Жаңа оқу жылында жаңа кездесулерге дейін!!!
Талпыныңдар!!!
Ш.С.Нұрахметова, әдістемелік кабинет меңгерушісі