2013 жылғы 3 мамырда Отанды қорғаушылар күнін тойлау шеңберінде облыстық ән және сап байқау өтті. Онда Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен облыс аудандарының 11 командасы қатысты. Командаларды алалықсыз әділқазы бағалап, Павлодар қаласына І және ІІІ орындарды берді.
Сонымен бірге 2013 жылғы 4 мамырда Павлодар облысының 75-жылдығына, Ұлы Жеңіс күнінің 68-жылдығына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 21-жылдығына орай мұғалімдер арасында волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, оқ ату бойынша облыстық спартакиада өтті. Волейбол бойынша қалалық командасы І орынға, оқ атудан – І орынға, үстел теннисінен – І, ІІ орындарға, тоғызқұмалақтан және шахматтан – ІІІ орынға ие болды. Павлодар қаласының жалпы командасы жүлделі І орынға иеленді.
Түгел қатысушыларды сайыста және спартакиадада қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Отанды қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Сіздердің істеріңізге жеңіс пен сәттілік, үйлеріңізге бейбітшілік және амандық тілейміз!