Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа форматты ІІІ-деңгелі курсты өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің қорытынды отырысы
17-05-2013 11:14
Жаңа форматты ІІІ-деңгелі курсты өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің қорытынды отырысы

        Білім беру саласының алдында тұрған басты мақсаты-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге жеткізу.

       Қазіргі жеке тұлғаны қызықтыратын саласына өмірдің жаңа жағдайларына бейімделе білу енеді, яғни әртүрлі ақпараттарды табу және пайдалану, жағдайды талдау, туындалған жағдайдан шығу жолдарын сыни бағалау және табу, өзінің іс-әрекетін ұйымдастыруды бара-бар өзгерту, коммуникациялық құралдарды меңгере білу.

     Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы, біздің ұстаздардың ізденісіне, балаға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты.

     3 (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын алғашқы болып аяқтаған бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық шығармашылық тобы № 7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебінде кезекті отырысы өтті.                          З.В. Вакпаева дүниетану пәнінен «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы бойынша ашық сабақ беріп,сабақтан кейін «Сын тұрғысынан ойлауды бастауыш сыныпта қолдану ерекшелігі» атты семинары өткізілді.                                                                          Жыл бойы жаңа форматты ІІІ-деңгелі курсты өткен мұғалімдер ай сайын жоспар бойынша қала деңгейінде «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» т.б., атты семинарлар жүргізілді. Шығармашылық топ жетекшісі №35 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Б.Қ.Шарбақбаеваға, топ мүшелері № 24 ЖОМ мұғалімі З.Қ. Мұсабаеваға, №21 ЖОМ мұғалімі Р.Қ.Дюсеноваға, №26 ЖОМ мұғалімі Г.Ө.Нұрғалиеваға, № 35 ЖОМ мұғалімі Г.Ж.Аманжоловаға, №38 ЖОМ Қ.Б.Тулеуоваға, № 25 ЖОМ мұғалімі Ж.Б.Мұқановаға, № 7 ЖОМ мұғалімі З.В.Вакпаеваға, №31 ЖОМ Г.Т.Исабаеваға жоғары деңгейде өткізген семинарлары мен ашық сабақтарына алғысымды білдіре отырып, қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлер кабинетінің растау қағазы берілді.

Еңбектеріңізге сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!

 Ш.Ш.Қайырғазина қалалық білім бөлімінің әдіскері