ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Рауан 2013» қалалық фестивалі
22-05-2013 10:50

«Рауан 2013» қалалық фестивалі

 

        Біздің қалада Павлодар қаласының білім беру бөлімінің бастамасы бойынша «Рауан» балалар шығармашылық сайысын өткізу дәстүрге айналды.

        Сайыстың басты мақсаты – баланың музыкалық мәдениетін оның барлық рухани мәдениетінің бөлігі ретінде қалыптастыру.

        Іріктеу айналымында 53 балабақша және 9 шағын орталықтары қатысты – бұл 1019 бала. Барлық сайыскерлер музыкалық қабілеттерінің жоғары деңгейде қалыптасқандарын көрсетті, бірақ сайыстың аты сайыс. Финалға ең мықтылары шықты. Бұл № 1, 2, 6, 7, 10, 11, 16, 18, 19, 23, 31, 35, 38, 42, 50, 51, 53, 79, 84, 85, 96, 102, 104, 115, 117, 120, 122, 126 балабақшалардың тәрбиеленушілері. 2013 жылдың 17 мамырында Естай атындағы мәдениет сарайында балалар шығармашылығы «Рауан 2013» байқауының  финалистерінің гала-концерті өтті. Гала-концерттің қатысушылары барлық сан алуан көркемдік бағыттағы музыкалық өнердің түрлері мен жанрларының тұтас бейнесін жасап көрсете білді. Біз әрбір баланың – өнерпаз және әрқайсысы талантты екенін көрдік. Осындай фестивальдар ересектерге де, балаларға да керек, мұнда олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік туғызады.

         Керемет сайыстың барлық қатысушыларына жаңа әсерлер мен жаңа жеңістер тілегім келеді!