2013 жылы ҰБТ түріндегі қорытынды аттестаттаудан қаланың 37 күндізгі жалпы орта білім беру мектептерінің ішінен 1047 түлектер өткен еді, соның ішінде оқытылуы мемлекеттік тілде 263 оқушы.
Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептері бойынша орташа ұпайы - 81,38 ұ. құрайды.
Тестілеу қорытындылары бойынша 817 түлек тест тапсырмаларын орындай алды.
Тест тапсырмаларын «Үздік» орындаған түлектер – 55, «жақсы» және «үздік» деген бағаға - 458 түлектер орындады.
Жалпы орта білім беру туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға апелляциясыз өз үздік білімдерін 17, үздік аттестатын 12 түлек дәлелдеді.
Мектептердің рейтингтерінде орташа ұпай бойынша ең жоғары нәтижелер № 7(96,48), №1 (91,9), №11(91,5), №35(89,74), №41(89) мектептерінің түлектері көрсетті.
100 және одан да көп ұпай алғандар 191 түлек.
Ең жоғары нәтижені №17 ЖОМ-ның Морякин Антон, №35 ЖОМ-ның Рамазанова Айдана деген түлектері 123 ұпай жинады.