Қазақстанда Елбасының Жарлығымен Отбасы күні алғаш реет қыркүйектің екінші жексенбісінде 8 қыркүйекте аталып өтті. Мерекеніңмақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, отбасы тәрбиесінің ролін асыру. Осы мерекеқарсаңында Павлодар қаласының № 45 балаларбақшасын да ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Дархан Дәуітов қатысты. Ойындар тек балалар алаңында ғана емес, сонымен қатар балабақша ғимаратында да ұйымдастырылды. Ата-аналардың белсенді қатысуымен әр топ қызықты іс – шаралар ұйымдастырды: «Менің Отбасым», «Дүкен», «Теңізге саяхат» сюжеттік ойындар.Балабақшаның саябағынан жинаған көкөніс пен жемістен заттар жасау «Алтын күз» сайысыөткізілді. Орта топтағы балалар асфальт үстінде «Менің отбасым» тақырыбындағы суреттер салды, конкурс «Мен, сен, ол, олар – бірге мейірімді жанұя!» музыкасы бойынша жасалған флэшмобпен аяқталды.
Отбасы аптасы шеңберіндегі ашық есік күні