«Мектеп –болашақ серіктесі»
2013 жылдың 26 қараша күні №39 мектепте PASСHжүйесіне ресми қабылдауға арналған шара өтті. Мектеп Германия серіктесі мәртебесін алды. «Мектеп – болашақ серіктесі» халықаралық жобаға кіру арқылы неміс тілін үйренуге қолдау мүмкіндігін алады. Бұған дейін мектеп ассоционерленген мектеп ретінде қатысты. Біздің неміс тілі мұғалімдеріміз Гете-Институт өткізетін біліктілікті көтеру семианрларының белсенді қатысушылары, Германдиядағы курстардың стипендианттары. 39 мектеп оқушылары неміс тілін – жазғы тілдік лагерьдеге қатысып, халықаралық емтихан тапсырды. Шараға қонақтарда қатысты: Германия елшілігінің баспа және мәдениет бөлімінің жетекшісі Джонни Крамер, Қазақстандағы Гете-Институт директоры Барбара фон Мюнхаузен, Татьяна Фихтнер, Қазақстандағы Pasch мектебініңі жетекшісі, Павлодар облысы Білім Басқармасының маманы Жүсіпова Ляйля Нұрсипатқызы, Павлодар қаласы білім бөлімі жетекшісінің орынбасары Шиндлярская Гульсина Шайдуловна, Павлодар облыстық «Возрождение» неміс қоғамының төрағасы Руф Вячеслав Андреевич, Павлодар облыстық «Возрождение» неміс қоғамының төрағасының орынбасары Литневская Ольга Владимировна. Бағдарламаның ресми бөлімі мектеп фойесінде қойылған PASСH-кестесінің салтанатты ашылуымен басталды, бұл PASСH жүйесіне қатысуды растайды. Ганновер қаласының Studienkolleg ЖОО студенттік коллегиясының жетекшісі, доктор Рюдигер Шрайбер «Немістің ЖОО-на Қазақстаннан оқушылардың түсу жағдайы мен мүмкіншілігі» атты баяндамасын неміс лингвистикалық гимназия оқушылары мен ата-аналарына оқыды. Бұл күн - біз үшін өте маңызды, бұл күн -мектеп тарихында. Біз үшін халықаралық жобаға қатысу - үлкен мәртебе. Бұл жоба халықаралық деңгейде тығыз байланыста болуға, неміс тілін біздің еліміздің шетелдік білім беру жүйесінде үйренуге мүмкіндік береді. Болашақта Қазақстан мен Германия оқушылары мен мұғалімдері арасында өзара серіктестік пен тәжірибе алмасуға, сапалы және заманауи жағдай жасайды деп ойлаймыз. Шара лингвистикалық гимназия оқушыларының дайындаған мерекелік концертімен аяқталды.