2014 жылғы 23 қаңтардаПавлодар қаласының №34 ЖОМ негізінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің және мектепке дейінгі, мектеп және мектептен тыс мекемелері басшыларының қатысуымен «Қазақстан жолы – 2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынталқылау мақсатында кеңейтілген жиналысы өтті.
Өз сөзінде білім беру бөлімі басшысының орынбасары Гульсина Шайдоллақызы Шиндлярская Елбасы біздің әлеуметтік, саясаттық және экономикалық жоспарындағы тұрақты мемлекеттің жаңа саясат пен экономикалық дамуы курсын нақты белгілегенін айтты. Биылғы Елбасының Жолдауы біздің мемлекетіміздің сапалы жаңа гүлденуі кезеңінің, қойылған мақсаттарға жету бойынша, нақтылаған нұсқауы болады.
«Қазақстан жолы - 2050» - республикамыздың әрі қарай дамуы мен дамыған 30 елдің қатарына кіру кепілі.
Білім беру бөлімінің әдіскері Гүлбану Әубәкірова Елбасы Қазақстан халқына өз Жолдауындағы жарияланған «Мәңгілік Ел» идеяның маңыздылығы мен сол уақыттағы туралы атап өтті. Ол барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтарді белгіледі.
Біздің мемлекетіміздің жетістіктері, тұрақтылығы, «Қазақстан – 2030» Стратегиясы Жолдауының мерзімнен бұрын аяқталуы туралы №19 мектеп директоры Дәулет Тайгулин айтты. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген, сондықтан басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу үшін әрбір Қазақстан азаматы қатысуы керек.
2020 жылға қарай Қазақстанда 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда және Жолдаудың жүзеге асыруы – әрбір мектепке дейінгі мекемелерінің басшысы мен оның жұмыскерлерінің азаматтық борышын атқаруы туралы өз ұстанымын №6 мектепке дейінгі мекеменің басшысы Ләззат Қожабаева айтты.
Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керектігі туралы БЖЭШО директоры Людмила Вольф белгіледі. Ол оқушылардың бойында экологиялық тәрбиені қалыптастыру бойынша оқушылар мен мұғалімдердің қорытындылары мен жетістіктері туралы айтты.
Г.Б. Әубәкірова,
Павлодар қаласы
білім беру бөлімінің әдіскері