ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестігі - 2014" байқау-сайысы өтті
06-02-2014 06:34

 

     Қалалық білім беру бөлімі жоспарына сәйкес 2014 жылдың қаңтар - ақпан айларының аралығында  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің «Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестігі – 2014»   байқау – сайысы өтті. Мақсаты -   ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандартын жүзеге асыруда, әдістемелік бірлестіктердің жұмысының жүйесін және үлгі боларлық жұмыс тәжірибесін анықтау. Байқауды ИнЕУ «Қазақ филология» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы,  профессоры Имамбаева Ғайша Ертайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, ПМПИ доценті Оразханова Майгүл Еренғайыпқызы, қаламыздағы №  7,24, 29,36,43  мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні жұмысын білікті  үйлестіруші оқу ісінің меңгерушілері, қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, шығармашыл қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері  және қалалық білім беру бөлімінің әдіскерінен құралған комиссия құрамы бақылады.

Байқау шарты толық  қаралды,баса назар аударғанымыз - әдістемелік бірлестіктің моделі, әдістемелік- дидактикалық  мазмұны.  Себебі, қазақ тілі Елбасының халыққа жолдауындағы басым бағыттардың бірі, екіншіден, тіл мен әдебиет  ұрпақ тәрбиелеудің басты құралы екендігі ақиқат. Білім мен біліктің, тәрбие мен тағылым, әдебиет пен мәдениеттің тізгінін қатар ұстаған пәнге салғырт қарауға болмас.

«Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестігі – 2014»   байқау – сайысына қала мектептерінің 38 мектептің әдістемелік бірлестіктері қатысты. Сайыстың екінші кезеңі 2014 жылдың ақпан айының 5-і күні өткізілді. Екінші кезеңге сүрінбей 16 әдістемелік бірлестігі  өтті.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегі әдістемелік бірлестіктер келесі орындарға ие болды:

           І орын -  №12 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің ӘБ

           ІІ орын - №41 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің ӘБ

                           №7 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің ӘБ

           ІІІ орын -№28 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің ӘБ

                           №35 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің ӘБ

                           Кенжекөл ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің ӘБ

Ал келесі  әдістемелік бірлестіктер төмендегідей аталымдар бойынша марапатталды: №36 ЖОМ «Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің үздік үлгісі», № 1 ЖОМ «Әдістемелік  бірлестік жұмысының нәтижелігі» , №16 лицей-мектебі « Инновациялық әдістемелік қызметі», № 24 ЖОМ «Әдістемелік жұмысының  шығармашылық көзқарасы», № 18 ЖОМ

« Әдістемелік жұмыстың тиімділігі».

Бұл байқау бізді  тұтас бір пәннің меңгерілу мазмұнына қанықтырды, мектептерге де тиімділігі аз болмады. Қала мектептерінің әдістемелік бірлестіктері сапалы білім, заманауи іс-әрекетті, ғылыми көзқарасты және сабақтастық пен реттілікке негізделген  принцип бойынша жұмыс атқаратынын сайыс барысында көрсетті.

Жеңімпаздарға еңбектеріне табыс, шығармашылық, шаттық пен береке тілейміз!

 

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері

Х.Бекбосынова.