Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудегі заманауи оқу үдерісінің қажетті алғы шарттарының бірі – жан–жақты, толық жабдықталған, заманауи талаптарға сай безендірілген оқу кабинеті.
Мемлекеттік тілді үйретудегі басты мақсат: сауатты да білімді, отансүйгіш, дені сау, қазіргі заман талаптарына сай қарым-қатынас жасай алатын дара тұлға тәрбиелеу болғандықтан, қазақ тілі мен әдебиет кабинеттерін жабдықтағанда бірыңғай қойылған талаптардың маңызы өте зор.Сол қажеттіліктерді ескере отырып, облыс әкімімен 2013 жылдың қыркүйек айында мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқу бағдарламасын оқушыларға тиімді меңгерту мақсатында облыстың білім беру ұйымдарына арналған қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің стандарты әзірленген.
Қалалық білім беру бөлімі жоспарына сәйкес 2014 жылдың наурыз айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің кабинет байқау – сайысы өтті.
Мақсаты - ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандартын жүзеге асыруда білім беру үрдісінің жағдайы мен оқу кабинетінің ролін жақсарту. Павлодар қаласының мектептерінде 164 қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері бар. Оның 26 кабинеті жаңа стандартқа сай жабдықталған. Байқауды қаламыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні жұмысын білікті үйлестіруші оқу ісінің меңгерушілері, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары білікті ұстаздары және қалалық білім беру бөлімінің әдіскерінен құралған комиссия құрамы бақылады. Байқау шарты толық қаралды, баса назар аударғанымыз - әдістемелік- дидактикалық мазмұны. Себебі, қазақ тілі Елбасының халыққа жолдауындағы басым бағыттардың бірі, екіншіден, тіл мен әдебиет ұрпақ тәрбиелеудің басты құралы екендігі ақиқат. Білім мен біліктің, тәрбие мен тағылым, әдебиет пен мәдениеттің тізгінін қатар ұстаған пәнге салғырт қарауға болмас.
Оқу кабинетінің жабдықталуы, безендіру эстетикасының қазіргі талапқа сай болуы кабинет жетекшісіне жүктеледі. Кабинеттердің жалпы міндеттерін жүзеге асырып, дидактикалық материалдарының молдығымен, патриот ұрпақ тәрбиелеуге негіздеген, 85-92% дейін нәтиже көрсеткен кабинет меңгерушілеріне алғыс жарияланды. Олар: №6 ЖОМ – Сағитова Г.Қ., Исмурзинова С.Ч., №7 ЖОМ – Камалиева К.М., №12 ЖОМ – Жұмабекова А.А., №13 ЖОМ – Ысқакова Е.В., №18 ЖОМ – Мерғалымова Ғ.С., №21 ЖОМ – Шілдебаева З.А., №22 ЖОМ – Тұрсынқұлова Ж.К., №28 ЖОМ – Әлкеева Р.С., №35 ЖОМ – Манабаева Г.Р., №36 ЖОМ – Рахметуллина А.Ж., №41 ЖОМ – Өтенова Б.Т.,КЖОМ – Рахметова Л.Б., Смағұлова Б.Т.
Заман талабына сай қазақ тілі кабинеттерін бейімдеген, материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз етіп отырған,өзіндік белгілері арқылы ерекшеленіп, 93% -дан жоғары нәтиже көрсеткен, «Ең үздік кабинет - 2014» аталымына ие болған кабинеттердің меңгерушілеріне, №12 ЖОМ – Ш.С.Мальшубаеваға, №19 ЖОМ – Г.Е.Шаймерденоваға, №16 ЖОМ – А.С.Қабдракишеваға, №20 ЖОМ – Б.М.Шажанкановаға, №21 ЖОМ – Г.А.Алтынбековаға, №25 ЖОМ – Н.Е.Жанғабуловаға, №26 ЖОМ – Т.Т.Ақпароваға, №29 ЖОМ – Г.Қ.Әділхановаға, №38 ЖОМ – Ғ.И.Мұрынбаеваға, №40 ЖОМ – А.А.Жанакиеваға алғыс білдіріп, келесі облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері
Халида Бекбосынова