Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Қазіргі мектептегі менеджмент» бағдарламасын іске асыру жолдары
28-05-2014 09:58
«Қазіргі мектептегі менеджмент» бағдарламасын іске асыру жолдары

Павлодар қаласында «Мектеп-ЖОО» бағдарламасын іске асыру жолдары бойынша жұмыс жүйесі бір бағытқа келді. Білім беру бөлімі қаладағы барлық жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасауда. Қала мектептерінің мұғалімдері жоғары оқу орындарында өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, сайыс, байқаулардың белсенді қатысушылары. Ал жоғары оқу орындардың профессорлық-оқытушы құрамы сараптамалық жұмыстарға, оқу-құралдарға, оқу бағдарламаларына, оқушылардың ғылыми жобаларына пікір беруге, пән олимпиадасын өткізуге шақырылады.

№30 ЖОМ негізінде «Қазіргі мектептегі менеджмент» атты семинар өтті.

Пленарлық бөлімінде ИнЕУ білім беру Академиясының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, професор Б.Д. Қаирбеков, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі  Ш.С.Нұрахметова,№30 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Б.О. Аденова құттықтап және білім беру бөліміне, қала мектеп директорларына алғыс білдірді. Мектеп директорлар және оқу ісінің меңгерушілердің алдында ИнЕУ проректоры Б.Д. Қаирбеков «Ұлттық білім беру саясатының негізгі бағыттарын іске асыру» атты баяндамасын оқыса, №30 мектебінің директоры Б.О.Абденова мектептегі оқушылардың ғылыми орталығы ИнЕУ ғалымдарымен ынтымақтастықта жұмыс жасаған тәжірибесімен бөлісті.

Одан кейін семинар келесі үш секциялық отырыста өз жалғасын тапты:

Секция №1 «Тайм-менеджмент.Уақытты басқарудың жүйесі және негізгі тенденциялары» (секция жетекшісі – бизнес-тренер, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент,«Экономика»мамандығы бойынша PhD Смагулова З.К. )

Секция №2 «Мектепте дарынды  балаларымен жұмысты ұйымдастыру» (жетекшісі – Сатынская А.К., педагогика ғылымдарының кандидаты,ИнЕУ-дің«Педагогиак және психология»кафедрасының доценті )

Секция №3 «Мектеп әкімшілігі тиімді менеджменті» (жетекшісі - «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты,ИнЕУ-дің Семенова Л.А.)

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ш.С. Нурахметова инновациялық Еуразия университетіне, мектеп директорларына өз ризашылықтарын білдіріп, белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасағаны үшін алғыс хат беріп, келесі мектеп басшыларына сыйлықтар тарту етті. Олар: Н.Ж.Жаканов(№4 ЖОМ), С.В.Завальная (№9 ЖОМ), Д.А.Тайгулин ( №19 ЖОМ), Т.Б.Веневитина (№21 ЖОМ),М.К.Мамбетова(№22 ЖОМ), Г.Т.Топанова (№20 ЖОМ), Ф.И.Ибрагимов (№ 29 ЖОМ), Б.О.Абденова (№ 30 ЖОМ), М.Б.Асаинов (№35 ЖОМ).

  Семинарға қатысушылар «Мектеп-ЖОО» бағдарламасы бірігіп іске асырылса, бұл игі іс ұстаз дәрежесін, мұғалімның еңбегін  жоғарлататынын белгіледі.

 

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі