2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған біліктілігін көтеру курстары өтіп жатыр.
«Назарбаев зияткерлік мектебі» және Кембридж университет 2013-2016 жылдарға бірлесе жоспар құрды. Бағдарламаның негізгі принциптері
n «21ғасырда оқушылардың қандай білім алуы керек?»
n «Ұстаздар 21 ғасыр өміріне біздің оқушыларымызды қалай дайындау керек?»
n Оқушылар 21 ғасырға қандай біліммен келеді,алған білімдерін өмірде қолдана ала ма?
Басшылардың курс мазмұнына енгізіледі:
1. « Білім беру мен оқытуы» (білім беруді жақсарту, оқушылардың білімін көтеру)
2. Өз білімін жетілдіру және басқа да оқушыларды кәсіби дамыту (ұжыммен жұмыс,жекелей жұмыс, басқару және бақылау)
3. Басшылар білімін жетілдіру, енгізу, инновация және өзгерісті қолдау(кәсіптік одақ және стратегиялық көшбасшылық)
4. Мектеп жүйесінде және жалпылай қарым- қатынаста болу.
Сол себепті, осы бағдарламаға сәйкес іс-шаралар, жоғары білімді,тәжірибелі,кең спекторлы білімі және тәжірибелі, адекватты жаңашыл мамандар зейіндерін шоғырландыру.
Бүгінгі таңда бес мектеп басшылары деңгейлік курстан өтті: № 39 мектеп директоры Е.И. Булгакова., директор орынбасарлары: №№ 34,35,36,43 Н.В.Григорьева., Ш.Б. Асаинова., Н.В. Копыльцова., С.К. Аубакирова.
Осы күнде №25,42 жалпы орта білім беру мектебінің директорлары.С.О. Айтказина., И.Ж.Тургульдинова курста білімдерін тәмәмдауда.
Курстан өткен басшылар өз ұжымдарында алған білімдерін іске асыруда. Екі жылда қала мектептеріне деңгейлі курс өткен мұғалімдер саны артып жатыр, бүгінгі күні олардың саны 422 (1,2,3 деңгей).
№7 мектеп базасында « Заманауи білім беру үдерісінде жаңа тәсілдер» атты 2- күндік жазғы әдістемелік мектеп өткізілді.
Бұл шараға 50 астам мектеп директорының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Бағдарлама шеңберінде «Мектеп мәдениеті», «Мектептін даму жоспары», «Lesson study», «Коучинг и менторинг» және т.б тақырыптарда коучинг-сессиялар өткізілді.
Өткізілген шараның модераторлары:Н.В.Григорьева , Ш.Б.Асаинова , Н.В.Копыльцова , С.К. Аубакирова : №№34,35,36, 43 мектеп директорларының орынбасарлары.
Жазғы мектеп қатысушылары өткізілген шараға жоғары баға берді (мазмұны, өткізілген тәсілі, ұйымдастыру мәдениеті).
Семинарға қатысқан сертификатталған педагог мамандар әріптестері жаңашыл бағдарламамен жұмыс жасау керек екенін айта кетті.
Толассыз өзін-өзі дамыту,жаңашыл білім технологиясын дамыту,өзін дамыту және өзін-өзі дамыту жолдары.
Ш.С. Нұрахметова,
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі


