ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалар мен жасөспірімдердің «Минуттық мәртебе» атты көркемөнерпаз шығармашылық ашық фестивалі
19-06-2014 08:04
Балалар мен жасөспірімдердің «Минуттық мәртебе» атты көркемөнерпаз шығармашылық ашық фестивалі

Балалар мен жасөспірімдердің көркемөнерпаз шығармашылық ашық фестивалін өткізген  «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы. Сайысқа 6 – 18 жас аралығындағы қандай да бір дарыны бар, немесе әртүрлі жанрды көрсете білетін балалар мен жасөспірімдер шақырылды: вокалды ән айту (классикалық, дәстүрлі, эстрадалық); сөйлеу шеберлігі (классикалық, өлең, әзіл-сықақ түрінде); хореография (классикалық, халықтық, бал биі, эстрадалық, спорттық билер, бейресми түрде); түрлі музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі; біртума жанр (цирк, пантомима, музыкалық эксцентрика; сән театры. Барлық сайысқа қатысушылардың өз дарындылығын және бірегей  мүмкіндіктерін көсетуге жағдай болды. Сайыста жеке дарынды орындаушылар мен бірге шығармашылық ұжымдар да қатысты. Сайыстың жеңімпаздарын қазылар алқасы ашық талқылау арқылы, ұжымның шешімімен анықтады. Конкурсының қорытындысы бойынша  жеңімпаздар  болды:  гран при –Салкибаев Суениш  ЖБМ № 29, I орын – Сайрамов  Болатхан ЖБМ № 43, II орын –Евгений Пономаренко ЖБМ № 39, III  орын –  брейк тобы  ЖБМ № 14, III  орын –  Калиева Зарина № 20 мектеп-лицеи. Көрермендер көзайымы жүлдесін №28 ЖБМ Безуглая Катя жеңіп алды. Жеңімпаздары дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Сайысқа қатысушылардың барлығы  дипломдарымен марапатталды.