ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Тоғызыншы қалалық педагогикалық марафоны -2014
25-08-2014 12:31
Тоғызыншы қалалық педагогикалық марафоны -2014

2014 жылғы 18-22 тамыз күндері «Білім берудің инновациялық стратегиясы- мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты  тоғызыншы қалалық педагогикалық оқулар өткізілді.

   Аталған шара ИнЕУ (30 секция),  № 9, №16, №19 мектептердің (25 секция)  және №2,7,29,37,104сәбилер бақшасы  (9 секция) базаларында өтті.Шараны өткізу барысында мектеп директорлары,директорлардың орынбасарлары, әдіскерлер, мектеп, бала бақша ұстаздары  үшін 34-тенастам шебер сағаттары, басқару сұрақтары бойынша дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылып, шығармашылықпен жұмыс істейтін қала мұғалімдері инновациялық тәжірибемен бөлісті.

  Қала мектептеріндегідиректор орынбасарларының, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың 269баяндамалары  64 секцияда тыңдалса, 9 секциядағы бала бақша қызметкерлерінің     41 баяндамалары талқыланды.

Марафон жұмысында  2000- нан астам қала мұғалімдері және 350- ден астам мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері қатысады.

23 директордың орынбасарлары, 56 қалалық  әдістемелік бірлестіктердің және шығармашылық топ жетекшілері,4 мектеп директоры белсенді қатысқаны, қалалық әдістемелік қызметімен бірлесе жұмыс атқарғаны үшін білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 

 Инновациялық тәжірибелерін жалпыламауүшін-40 мұғалімге, мектеп басшыларына және қалалықпен мектепішілік деңгейдегі  45 жаттықтырушыларға  сертификаттар табысталды. 

  Баяндамалары ең үздік деп танылған 156 мұғалім  алғыс хатпен марапатталды.Секциялардың модераторлары мұғалімдердің ең үздік баяндамаларын  «ИнЕУ жаршысында» басып  шығуына  ұсыныс жасады.

       Секция жұмыстарында  Инновациялық Еуразия Университетінің  профессор-оқытушылары, мектеп директор орынбасарлары, әдіскерлер және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер модераторлар болды.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі  Ш.С.Нұрахметова