Қыркүйек айының аяғында Жас мұғалім мектебінде жаңа келген жас мамандармен оқыту сабақтары басталды.
2014-2015 оқу жылында 60-тан астам әртүрлі мамандықтардың педагогтары: бастауыш сынып - 23, ағылшын тілі - 11, математика, физика, психологтар, қазақ тілі – 3-тен, биология, дене шынықтыру, информатика, тарих – 2-ден, АӘД, музыка, география, орыс тілі, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері мен сызу, тәрбиеші - 1-ден мектеп табардылығын аттады.
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» клубы алты жыл жұмыс істейді. Осы жылдыр бойы қала жас мамандары пәндік теориясын меңгерді, өз ойларымен алмасты, шығармашылық есеппен конференцияларда сөз сөйледі, ашық сабақтарды берді. Сабақтар №36 ЖОМ директорының орынбасары Н.В. Копыльцованың, психологиялық жетелеу – М.С. Магамедованың жетекшісімен өтті.
Жас мамандар тренингтерде қатысуға, қобалжыған сұрақтарға жауап алуға, өзін-өзі жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндіктері бар. Осы оқу жылының оытырыстарында жас педагогтарға мына сұрақтар бойынша кеңес алуға мүмкндік болды:
· Нормативты құжаттар,
· Мектеп құжаттарын жүргізу,
· Пән мұғалімдерінің папкаларының толықтыруы,
· Сабақ барысының әдістемесі,
· Сабақтың өзін-өзі талдауы,
· Күнделікті жоспарлар,
· Бақылау жұмыстарының сапалы талдауы.
Бірінші оқыту сабағы коучинг түрінде өтті. Қала мектептерінің жас мұғалімдері топта жұмыс жасап, заманауи мектепте мұғалім қандай болуы керек екенін атты постер ұсынды.
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» клубы жас педагог білім берудің өзекті сұрақтарын, пән оқыту әдістемесін талқылауға, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге көмек көрсетеді.
Жаңа ізденістерде шығармашылық сәттілік!
Нұрахметова Ш.С.,
Павлодар қаласы білім беру бөлімі
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі