ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қарағанды қаласы білім беру бөлімінің делегаттарын қарсы алу
03-11-2014 13:28
Қарағанды қаласы білім беру бөлімінің делегаттарын қарсы алу

Павлодар қаласы білім беру бөлімі тәжірибемен алмасу мақсатында Қарағанды қаласы білім беру бөлімініңбасшысы Дулат Шайкенұлы Жебаевты және  сектор меңгерушілер делегациясын қабылдады.  Қарағанды қаласынан келген делегация білім беру бөлімін, №96 бала-бақшасын, оқытылуы мемлекеттік тілдегі  №44 МДМ, №№16, 25,39 мектептерін және  балалар  техникалық мектебінің жұмыс жүйелерімен танысып аралап шықты.                                         

Білім беру бөлімінің басшысы З.К. Мұқашева «Білім беруді сандар мен фактілерде қарастыру » баяндамасында Павлодар қаласының білім беру жүйесімен таныстырып кетті,  білім берудің өзекті сұрақтары бойынша «Білім берудегі мәселелер, оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті, мектепке дейінгі, мектептік, қамқоршылық, тәрбиелік, әдістемелік секторлар меңгерушілерімен диалогтік сұхбат өтті.

Көптеген сұрақтар бойынша әріптестер өздерінің жұмыстарымен бөлісті, өздерінің білім беру мекемелеріндегі жұмыс жағдайларын айтып, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді қозғады.

Делегаттар №96 бала-бақшасының «Радуга» гармониялық даму орталығының жұмыс тәжірибесімен, №25 мектептің рухани-адамгершілік тәрбиесін ұйымдастырылуымен, №39 мектептің неміс лингвистикалық гимназиясымен танысты. «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының дарынды балаларымен жұмыс жасау тәжірибесінің тұсаукесері үлкен қызығушылықтарын оятты.

Бұл кездесу жылы, татулық атмосферада өтті. Интернет арқылы сұхбатты жалғастыруға және білім беру бөлімдеріндегі іс жағдайларын сәйкестендіруге мүмкіншілік берді.

   Ш.С. Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі