ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Отаным-Қазақстан» атты III қалалық фестивалі
19-11-2014 04:18

2 Балалар музыка мектеп қабырғасында мектептен тыс мекемелерде оқитын, шығармашылықпен айналысатын 6 мен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, денсаулығы шектеулі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асыратын мамандар, шығармашылық ұжымдардың жетекшілері қатысты. Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері: мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың құрдастарының бірге қатысуымен фестивальдер өткізу арқылы мүгедек балаларды шығармашылық оңалту жүйесін құру. Фестивальдің тақырыбы – «Жад жүректе – қолда күн», яғни ҰОС қатысқан аталарымыздың жеңісі үшін. Фестивальде 30 білім мекемесі, 78 басшы, жалпы қатысушылар саны 220 оқушылар қатысты. Кейін балалар фестивальді, музыкалық және сценалық мерекелік ашылымын, өз концерттерімен бастады. Екінші фестивальдің күнінде қатысушылар музыкалық өнерімен ғана қоймай «Сәндік қолданбалы өнерімен», шығармашылықтарын яғни, қағаз, маржан, керамика, жіп және матамен мектеп фойесін безендірді. "Сценалық өнер" шеберханасында, ұстаздар А.Амосов. және Т. Пироженконың қатысуымен сахнада өз- өзін қалай ұстау керектігін, абыржымау, тілмен қалай сөйлеу керек екендерімен бөлісті. "Бейнелеу өнер" шеберханасында ұстаз А.Ю.Зайцеваның қатысуымен «Акватипия техникасын» әңгімеледі, ал МҚО «Балалардың мүмкіндіктері шектеулі облыстық орталығынан» Корсунова Нина Петровна «Сиқырлы әлем қағазы» (оригами) техникасын әңгімеледі. Фестиваль гала- концертпен және фестивальдің қатысушыларына дипломмен және сыйлықтармен марапаттау рәсімімен аяқтады.