Жас директор орынбасарларының мектебі өз жұмысын жалғастыруда. № 17 мектебінің базасында жас директор орынбасарлар мектебінің отырысы өткізілді. Бұл отырыста мектептердің аттестацияға дайындық сұрағы, әдістемелік және педагогикалық кеңестерінің өткізу әдістемесі, мектептің даму бағдарламасының жазылуы және жүзеге асыру жоспары қарастырылды.Өз тәжірибесімен тәжірибелі, кәсіптілігі мол директор орынбасары О.Н. Баринова бөлісті.
№39 мектепте оқу жылынан бастап жас директор орынбасарлары үшін екі отырыс өткізілді, оқу, ұйымдастыру және әдістемелік жұмысының сұрақтары , мектепшілік бақылау, директор орынбасарларының іс әрекет циклограммасы қарастырылды.
Жас директор орынбасарларының алдында тәжірибелі мамандар Тюменцева Е.Л.(СОШ№ 39), Савченко Т.А..(СОШ№ 34) сөйледі.
Жұмыс материалдары көрсетілді, аналитикалық анықтамалардың үлгілері берілді, мектеп жұмысының жоспары қарастырылды, директор орынбасарларының циклограммасы көрсетілді.
Жас директор орынбасарлары мектебінің қатысушылары- Павлодар қаласының №№4, 5, 6, 7, 11, 14, 15, 16, 18, 19, 28, 29, 30, 32, 34, 39, 42, 43 мектептерінің директор орынбасарлары, практикалық қызметінде енгізу және қолдану үшін кеңестер және ұсыныстар алды.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Ш.С.Нұрахметова