Балабақша психологтарына арналған семинар-практикум.
2014 жылдың 22 желтоқсанында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі секторымен № 82 сәбилер бақшасының базасында қаланың мектепке дейінгі мекемелер психологтары үшін семинар-практикум ұйымдастырылды.
Семинар барысында келесідей маңызды мәселелер талқыланды: түрлі репрезентативті жүйелерімен балалар бойындағы қабылдау ерекшеліктері; ойын арқылы көру мүшесі бұзылған балалардың көру түйсігін дамыту. Психологтарға тиімді әдістемелер және практикалық ұсыныстар берілді.
Осы семинарға 30 педагог-психологтар белсенді қатысып, семинардың ұйымдастырылуына жоғары бағаларын берді.