Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сертификатталған ұстаздардың семинар коучингі
14-01-2015 08:58
Сертификатталған ұстаздардың семинар коучингі

        Бүгінгі жаңа білім беру ол, «білемін-білмеймін,  істей аламын-істей алмаймын, игеремін-игере алмаймын» сызбасы бойынша әлемді қабылдау емес,  « іздеймін және табамын, ойланамын және шешемін, зерттеймін және білемін» оқыту қағидаларының   қолдануы болып табылады. Ең алдымен  оқушының жеке басы , оның өзара әрекет жасауға дайындығы, өз еркімен мәліметті жинауы, өндеуі және ұйымдастыруы , ойлана білуі, дәлелдеуі,  шешім қабылдауы  және оларды аяғына дейін жеткізе білу шеберлігі шығады.  Қоғамда болып жатқан өзгерістер оқушыларды оқытудағы  педагогикалық  тәсілдерді  қайта қарастыруды талап етеді, өйткені қоғам өзгерген сайын, өсіп келе жатқан ұрпақты  тәрбиелеуге - өмір жаңа талаптарды қояды.

         2015 жылғы қаңтар айының 8-і күні Стикс мектебінің негізінде сертификатталған мұғалімдердің «Коллаборативті оқытуда сын тұрғысынан ойлау (СО) және диалогты оқыту(ДО) тәсілдерін қалай  тиімді қолдануға болады» тақырыбына семинар-коучинг өткізілді. Қатысушылардың назарына «Бұлақ» желілік бірлестігінің  жұмыстары ұсынылды. Павлодар қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығының» аға менеджері Ю.Г.Мельникова оқу барысында жеті модульдің орындалу идеясының  негізгі мәселелерін белгіледі.

      80 аса  сертификатталған мұғалімдер бұл шараға белсенді қатысып, өздерінің тәжірибесінде қолдану үшін  көптеген ақпарат алды .

      Семинарға қатысушылар шеберлік – сағаттың өткізілу деңгейін жоғары бағалады (мазмұны, өткізілу түрі, іс шараның рефлексиясы, ұйымдастыру және өткізілу мәдениеті).

  Коучингтің әр қатысушысы  ризашылық сөзін айтып    және  жаңадан жұмыс істеу,  сертификатталған мұғалімдердің  желілік бірлестігіне қатысып отыру ықыласын білдірді. 

  

   Геложутдинова Ж.З., білім беру бөлімінің әдіскері