ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балғын суретшілеріміздің Омбыға саяхаты.
26-10-2015 09:11
Балғын суретшілеріміздің Омбыға саяхаты.

Павлодар қаласы №2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары үстіміздегі жылдың қазан айында Омбы қаласында өткен дарынды балаларға арналған Халықаралық шығармашылық мектеп жұмысына барып қайтты. Бес күн ішінде павлодарлық балғын суретшілеріміз Алина Пшенко, Алуа Ахмерова, Әмина Тасбұлатова, Софья Фогель, Дмитрий Андреев мектебіміздің ұстазы Татьяна Васильевна Ахметжанованың жетекшілігімен сонау Ресей, Белоруссия, Қазақстаннан келген атақты суретшілеріміздің графика және бейнелеу өнерден өткізген дәрістеріне қатысты.
Ал Ресей суретшілер одағының мүшесі, әйгілі график Глеб Евгеньевич Голубев оқушыларға линогравюрадан шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі, график Виктор Федорович Поликарпов жеңіл және табиғи материалдан, бірақ орындауы күрделі «көмір» техникасында жұмыс жасады. Және Ресей суретшілер одағының мүшесі Андрей Николаевич Машанов «монотипия» техникасында өзінің зор мүмкіншіліктерін паш етті. Белоруссия суретшісі Юрий Иванович Хилько балаларды «офорту» күрделі техникасына үйретіп, қағазға графикалық таңбаны басып шығару мүмкіндігін көрсетті.
Балаларға өздерінің пленерлік нұсқаларын орындау үшін қала мұражайларына, театрларына және табиғатқа саяхат ұйымдастырылды.
Сапарымызды қорытындылай келсек, оқушыларымыз өздерінің 30 аса орындаған графикалық экспозицияланған жұмыстарын мектебіміздің көрме залында ұсынды.
Ал мектеп директоры Наталья Васильевна Герусова: Осы жорық баллардың білімдерін жаңартып қана қоймай, Ресейдің басқа да өңірлерінен келген балалармен достасып, олардың шығармашылықтарынан алған әртүрлі әсерлерінің есте қалтынына, сонымен қатар осы халықаралық мектеп қатысушыларының көрме залында орын алған графикалық жұмыстары, мектеп оқушыларының практикада графикалық материалдарды оқып білуге қызығушылықтарын арттыратынына сенімді екенін айтты.