Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық инновациялық педагогикалық тәжірибенің іріктеу турының қорытындысы
12-11-2015 07:24
Қалалық инновациялық педагогикалық тәжірибенің іріктеу турының қорытындысы

Бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты – қоғам өзгерістеріне қарсы тұра алатын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық үрдістерін басқара алатын мамандарды қалыптастыру. Шын мәнінде, өркениетті қоғамдағы бәсекелес нарықтық қатынастардың барлық қиыншылықтары – бүгінгі оқушылардың мойынында. Ал сондай оқушыларды дайындау барша мұғалімдердің алдында тұрған міндет. Осындай келелі міндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, өз кәсіби шеберлігін арттыруға тиіс. Бұл жолда озық тәжірибемен бөлісетін мамандарда баршылық.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінде озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстары іріктеу турынан өтті. Инновацияляқ педагогикалық тәжірибемен 89 мұғалім қалалық деңгейде, 33 мұғалім облыстық деңгейде өз тәжіребесімен бөлісуге өтінім берді. Сараптама комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстарды қарастырып, 51 жұмысты қалалық деңгейде, 33 жұмысты облыстық деңгейде қорғауға ұсынды.

Инновацияляқ педагогикалық тәжірибені қорғау кезеңі 2016 жылдың қаңтар айында ИнЕУ өтеді. Сараптама комиссия мүшелері құрамына жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп әкімшілігі, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер кіреді.

Сіздерге шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ш.С.Нұрахметова,

білім беру бөлімінің әдіскері Н.Ш.Азанбаева