Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің еврей ұлттық бөлімшесінің тәрбиеленушілері 8-9 қараша күндері, қаламызда өткізілген «Из глубины веков» атты еврей халқының тарихы мен әдет-ғұрпын білуден 6-халақаралық байқауға қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Байқау үш айналымда өтті:эссе қорғау, этнос мәдениеті негізі бойынша білімдерін тестілеу, диалог алаңында сұрақ-жауап.
Байқаудың қатысушылары әр қалалардың тәрбиеленушілері еді Қазақстаннан: Алматы, Семей, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодардан болса, Ресейден: Новосібір, Красноярск қала тәрбиеленушілері.
Ересек топ жеңімпаздары болып ҰЖМ тәрбиеленушілері аталды. Голубничая Валерия мен Ходацкая Сима, басты жүлде ноутбуктерге ие болды, Сафина Зарина мен Скиба Катя төртінші жүлделі орынға ие болды. Кіші топта Скиба Лена мен Ходацкая Женя, ортаңғы топта Цилих София мен Сафина Зарина. Міне, осылайша біздің балалар, ұлттық мәдениет сұлулығына сапар шекті!