Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу конкурсы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты – әр этностық топтың балаларын мемлекеттік тілге негіздеу.
Конкурстың бағдарламасы: 1. Визит картасы – өзін таныстыру (қазақ тілінде). 2. Шығармашылық нөмір (қазақ тілінде). 3. Викторина (сұрақ-жауап). 4. Жазбаша конкурс – «Қазақ тілінің өзектілігі», «Қазақ тілінің маңыздылығы», «Мемлекеттік тілді білу қажеттілігі» тақырыбына эссе жазу.
Конкурстың Іріктеу кезеңіне қала мектептерінің 7, 8, 10 сынып оқушылары (өзге ұлт өкілдері) қатысып, облыстық кезеңге 35 оқушы жолдама алды.
Облыстық кезеңінің жеңімпазы мен жүлдегерлері: Бас жүлде – № 24 ЖОМ оқушысы Харчук Марина, І – орын – № 38 ЖОМ оқушысы Иконников Александр , ІІ – орын –СТИКС мектебінің оқушысы Ляхова Юлия, ІІІ- орын – КЖОМ оқушысы Сомойленко Юрий. Сонымен қатар қала мектептерінің оқушылары «Тіл шебері» аталымы мен лауреат дипломдарымен марапатталды.
Барлық сайыскерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыстың қорытындысы бойынша № 24 ЖОМ оқушысы Харчук Марина мен СТИКС мектебінің оқушысы Ляхова Юлия сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпазды, жүлдегерлерді және аталым иегерлерін құттықтаймыз!
Барлық сайыскерлерге шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!
Ш.С.Нұрахметова,
білім беру бөлімінің
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі,
Н.Ш.Азанбаева,
білім беру бөлімінің әдіскері