ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық бастамалар-2015» облыстық конкурсының қорытындысы
30-11-2015 08:33
«Педагогикалық бастамалар-2015» облыстық конкурсының қорытындысы

«Мектептің жаны-мұғалім.

Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы.

Яғни, мұғалім білімді болса, мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.

Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Ахмет Байтұрсынов

Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы- мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі- мұғалім. «Ұстаз –мектеп жүрегі» деп халқымыз бекер айтпаған. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы үнемі өсуде.

«Педагогикалық бастамалар – 2015» атты облыстық инновациялық педагогикалық тәжірибе конкурсының бірінші (іріктеу) кезеңіне облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан 85 жұмыс өтінілген болатын, сараптау тобының жұмыс қорытындылары бойынша екінші кезеңге инновациялық педагогикалық тәжірибе қорғауына қатысуға 30 жұмыс іріктелініп алындыі, оның ішінде 22 жұмыс қала мектеп мүғалімдерінің жұмыстары.

Конкурс қорытындысы бойынша облыс деңгейінде 20 педагог (18 жұмыс) өз тәжірибесін қорғап шықты:

№№ 25,29 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Әсемгүл Арыстанқызы Апсалямова, Меруерт Әсетқызы Теміржанова;

№№39(3), 29, 4, 11, 1(2), 35 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері: Антонина Михайловна Павлинина, Елена Юрьевна Ендураева, Лариса Дмитриевна Болехивская, Алефтина Евгеньевна Рассказова, Наталья Ивановна Цыгулева, Елена Владимировна Юрченко, Надежда Павловна Пащенко, Наталья Геннадьевна Лаврикова, Наталья Николаевна Лунгу, Әсият Серікқұлқызы Дүйсенбаева;

№№25,5,КЖОМ тарих пәні мұғалімдері: Виктор Петрович Столяров, Гамал Қайыргелдіұлы Күлжанов, Қымбат Ерболатқызы Смагұлова;

№№41,29 ЖОМ математика, биология мүғалімдері: Розангуль Еркінқызы Қалиева, Наталья Геннадьевна Маркина;

№25 ЖОМ психологі: Жаңагүл Бағдатқызы Төлеубаева;

№3 БММ қосымша білім беру педагогтері: Лариса Валерьевна Костенко мен Наталья Викторовна Починок.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова,

білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинет меңгерушісі,

Н.Ш.Азанбаева,

білім беру бөлімінің әдіскер