ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитикалық мәдениетті қалыптастыру
30-01-2017 06:49
Аналитикалық мәдениетті қалыптастыру

Павлодар қаласы Білім беру бөлімнің әдістемелік кабинеті жас директор орынбасарлары Мектебінің кезекті отырысын № 34 ЖОМ өткізді. Отырыста «жас директордың аналитикалық мәдениеті» мәселесі қарастырылды.

Мектеп тыңдаушылары ағылшын тілі, қазақ тілі, биология, бастауыш сынып пәндерінен ашық сабақтарына қатысты: Ю. Л. Кондратенко, А.  А. Жангозина, Е. Н. Москаленко, Г. А. Спирина. Сабақ қорытындылары бойынша мұғалімдердің өзіндік талдауы мен директорлардың орынбасарлары сабақтарға талдау жасады. Сабақтарды талдаған кезде білім беру сапасын бағалауда критерийлер мен дескрипторлар қолданылды. Директордың орынбасарларына аналитикалық іскерліктері бойынша өзін-өзі талдауы және сабақтың талдауы бойынша ұсыныстар берілді, отырыстың материалдары № 34 ЖОМ сайтында орналыстырылған.

Директордың жас орынбасарлары әріптестерінің тәжиребелерінен алынған білімдерін өз тәжірибелерінде сәтті қолдануда. Сабақтар ай сайын өткізіледі, сұраныс бойынша ай бойы электронды дайджест пен виртуалды онлайн қабылдау жұмыс істейді.