Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Баламалы энергия көздерін іздеу
23-01-2017 08:41
Баламалы энергия көздерін іздеу
%d1%81%d0%be%d1%88-%e2%84%96-36

«Болашақ энергиясы» «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында 2016 жылғы желтоқсан айында «Энергияны үнемдеу және экосақтау идеялары мен технологиялары» республикалық ғылыми жоба сайысы өтті. Павлодар қаласы № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сухоносенко Артем осы жарыстың қатысушысы болып қана қоймай, III жүлделі орынға ие болды. Бірінші рет жоба «Зерде» республикалық ғылыми жоба жұмыстары мен шығармашылық жоба жарыстарындағы облыстық кезеңде, содан кейін «Ағарту» интернет журналы «21 ғасыр ғылымы»республикалық ғылыми-практикалық конференцияда көрсетілді. Онда жас зерттеуші жеңімпаз атанды.

Артем өзінің «ЭнергоСтеп баламалы энергия көздері» жобасында механикалық энергияны электр энергиясына қайта құру нұсқасын көрсетті. Оқушыға макетті құру идеясы өздігінен қуаттанатын кәдімгі шам әсер етті. Бұл жұмыстың жетістігі қоршаған орта мен зерттеулер үшін зиян келтірмейтінэнергия көзі ретінде, энергиясының жаңа көзін мектеп жағдайында алуға болады. Артем өзінің жобасын толықтай жетілдіріп және жоба жетекшісі, физика мұғалімі Серикова Елена Александровнамен және оның тікелей шабыттандырушылары ата-аналары Адрей Валерьевичпен, Валерия Борисовнамен бірлесіп осы құрылғыны іске асыру үшін бизнес жоспар құру жоспарлап отыр.

«Қазақстан үшін «EXPO-2017» маңызды оқиға болмақ. Қатысушы-мемлекеттерден экологиялық тазалық, эксплутацияның төмен бағасы мен қоршаған ортаға зиянсыз әсері сияқтыжаңартылған энергия көздерін пайдаланудағы жетістіктері мен олардың артықшылықтарыкөрсетітетін болады.Сондай-ақ біз, № 39 мектебінің педагогикалық ұжымы Артемге баламалы энергия көздерін құру жолында тағы үлкен зерттеулер тілейміз», - деп атап өтті, мектеп директоры Булгакова Елена Ивановна.