Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаяу жүргінші туризмнің техникасы бойынша біріншілік
19-01-2017 05:17
Жаяу жүргінші туризмнің техникасы бойынша біріншілік
%d1%82%d1%83%d1%80%d0%b8%d0%b7%d0%bc-41

Мектеп оқушылары арасындағы қысқы демалыс сыйлығына, жабық ғимаратта жаяу жүргінші туризмнің техникасы бойынша қала біріншілігі № 41 ЖОМ спорттық залында өтті. Біріншілікке жалпы білім беру мектептерінен 98 оқушысы құрамында, оның ішінде 54 ұл бала, 38 қыз бала, жарыс жас ерекшелікке байланысты екі топта: 14 жасқа дейін, 15 - 18 жас аралығында Павлодар қаласының командалары қатысты: «Пилигрим» (№ 41, 16 ЖОМ), «Эдельвейс» (№ 41 ЖОМ), «Эдельгрим» құрама командасы, «Усольский меридиан» (№ 42 ЖОМ), «Вершина» (Балалар – жасөспірімдер экология және туризм мектебі), «Пирамида 1» (№ 28 ЖОМ), Ақсу қаласынан: «Экстрим» (дарынды балаларға арналған мамандырылған гимназия).

Жарыс екі түрде өтті. Кедергі жолығы бойынша 14 жасқа дейінгі біріншілік қорытындысы бойынша «Эдельвейс» командасынан қыздар арасында І орынға ие болған Карле Милана, II орынды - «Усольский меридиан» командасынан Марзалюк Полина, III орынды - «Вершина» командасынан Польдяева Мария иеленді, ұлдар арасында I орынға «Эдельвейс» командасынан Лукашин Данил, II орынға «Эдельвейс» командасынан Андрусенко Иван, III орынға «Пилигрим» командасынан Турсунов Мусо ие болды, 15 - 18 жас аралығында қыздар арасындағы I орынға «Вершина» Польдяева Мария, II орынға «Вершина» командасынан Коршунова Валерия, III орынға «Пилигрим» командасынан Черненко Карина ие болған, I орынды «Пилигрим» командасынан Эстерле Эдуард, II орынды «Вершина» командасынан Коцюбчик Адам, III орынды «Вершина» командасынан Зайцев Александр иеледі. Аспалы өткеншек біріншілігі бойынша 14 жасқа дейінгіде I орынды «Усольский меридиан 1» командасы, II орынды - «Усольский меридиан 2» командасы, III орынды - «Вершина» командасы иеленді, 15 - 18 жас аралығында I орынға «Пирамида 1» командасы, II орынға - «Пирамида 2» командасы, III орынға - «Эдельгрим» командасы ие болды.

Біріншілік 2017 жылғы 14 - 15 қаңтарда өтті, жеңімпаздар Павлодар қаласы спорт және дене тәрбиесі бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.