ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
70 жыл әр баланың мүддесін қорғауда
13-01-2017 11:51
70 жыл әр баланың мүддесін қорғауда

Павлодар қаласының № 1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) 70-жылдығы шеңберінде өткізілген «70 жыл әр баланың мүддесін қорғауда» суреті Республикалық шығармашылық конкурсына қатысты. Конкурсқа 10 оқушы акварель, графика техникаларында жасалған «Бала құқықтары», «Балаға мейірімді Казақстан», «ЮНИСЕФ балалар бейбітшілігі үшін» номинациялар бойынша суреттерін қатыстырды.

Конкурс нәтижелері бойынша төрт оқушы «Финалист дипломына» ие болды: Шапиева Салтанат, 15 жаста, «Ұлттық тәрбие» суреті үшін, жетекшісі Д. С.Смыков, Наукенова Айгуль, 15 жаста, «Туған ауылда» суреті үшін, жетекшісі Н. В. Решетова, Кузнецова Арина, 17 жаста, «Қазақстанның күншуақты аспанының астында», жетекшісі Кузнецова Л. А, Волкова Валерия, 10 жаста - «Туған жерге махаббат», жетекшісі Дистель Е. И. 2017 жылдың 13 қаңтарында дипломдар және сертификаттарды табыстау салтанаты өтті.

Салтанат, № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы, 2013 жылдан бастап көркемсурет мектебінде оқып, «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» конкурсының жеңімпазы атанды, оған қоса музыкамен айналысады, домбырада шертуді ұнатады. Өз суреттерінде бояумен қазақ халқының салт-дәстүрлерін бейнелейді. Айгүл, № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы, 2013 жылында көркемсурет мектебіне келіп,«Ақ бота» облыстық акварельдік кескіндеме бойынша сайыстардың жүлдегері болды. «Батик», акварель техникаларында жұмыс істеуді жақсы көреді. Кузнецова Арина, № 9 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, кішкентай кезінен сурет салады, әлемнің балалар қоры Халықаралық Ассоциациясы стипендиясының иегері. Ол бояулар мен сызықтар арқылы өз айналасындағы керемет әлемді бейнелейді,оқуды және саяхаттауды ұнатада.

Конкурс ұйымдастырушылары: Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтар Федерациясымен бірге. Бұл конкурсқа 12 - 17 жастағы балалар мен жастар қатысты.