ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Аттестаттау бойынша сараптама тобының отырысы
11-01-2017 03:49
Аттестаттау бойынша сараптама тобының отырысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті облыстық білім беру мен тәрбиелеудің Инновациялық орталығы мен облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп № 7, № 28 ЖОМ, Балалар шығармашылығы мен бос уақытын ұйымдастыру орталығында педагогтерді аттестаттау бойынша сараптама тобының отырысын өткізді. Бұл отырыстың мақсаты - біліктілік санаттарын беру мен растау кезеңінде мұғалімдердің іскерлік нәтижелілігі мен жетістіктерін бағалау. Сараптама тобының құрамында орталықтың және әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, директорлардың орынбасарлары, шығармашылық топ пен әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, мектептердің шығармашыл мұғалімдері болды.

Жинақталған инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғау бойынша электронды презентациялар мен өзін-өзі жетілдіру бойынша шығармашылық есептер тыңдалды, бастауыш сынып мұғалімдерінің, әскери-спорттық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдердің, кітапханашылардың, әлеуметтік педагогтердің, аға тәлімгерлердің, психологтердің, жоғары және бірінші санатқа берген аттестатталушылардың 476 портфолиосы қарастырылды.

Қалалық сараптама тобының шешімі бойынша кезектен тыс санатты алуға өтініш берген 37 мұғалімге ұсыныстар берілді. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде оң нәтижелері бар 58 мұғалімнің тәжірибесін тарату ұсынылды.

2016 - 2017 оқу жылында 612 мұғалім аттестаттаудан өтеді: жоғары санатқа - 312, бірінші санатқа - 164, екіншіге - 136 мұғалім. Аттестаттау барысында аттестаттаудан өтетін мұғалімдер мектептерде әдістемелік кабинет әдіскерлерінің қатысуымен ашық сабақтар мен қалалық әдістемелік семинарлар, шеберлік сағаттар, шығармашылық зертханалар өткізді.