ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық мектептерде шахмат үйірмелері ашылды
09-01-2017 12:16
Қалалық мектептерде шахмат үйірмелері ашылды

2017 жылдың 9 қаңтары күні Павлодар қаласының 43 мектебінде шахмат үйірмелерінің ашылуы өтеді. Үйірмелер жұмысын ұйымдастыру үшін әрбір жалпы орта мектептерінде мамандырылған шахмат кабинеттері ашылды. № 25 ЖОМ шахмат кабинетінің ашылуы облыс әкімі Б. Ж. Бақауовтың қатысуымен өтті.

Шахмат кабинеттерінің салтанатты ашылуы шеңберінде № 16, 22, 25, 29, 37 қала мектептерінің базасында шахмат клубтарының презентациясы өткізіледі. Халықаралық гроссмейстер, 2013 жылғы сеньориталар арасындағы әлем чемпионы Елена Анатольевна Анкудинова оқушылармен 10 тақтада бір уақытта ойын сеансын өткізді. Мектептерде бір уақытта атақты спортсмендер мен спорт ардагерлерінің қатысуымен ойын сеансы өткізілді. Солардың қатарында халықаралық гроссмейстер Е. А. Анкудинова, халықаралық спорт шеберлері Е. В. Егоров, Т. С. Нукин, Д. Махнев, В. В. Гребенщиков, спорт шеберлері А. Сулейменов, К. В. Казаков, В. Ложников, спорт шеберлігіне үміткер С. И. Мансуров.

Кабинеттер арнайы шахмат үстелдерімен, гроссмейстерлік сағаттармен және шахматтар жиынтығымен, әдебиеттермен, ойын үйренуге және ойын тактикаларын жетілдіруге арналған компьютерлік бағдарламалармен жабдықталған.

Үйірмелер қызметін ұйымдастыруға қала бюджетінен 2017 жылы 38,2 млн. теңге бөлінді.

Үйірмелер қызметімен барлығы 2,5 мың оқушыны қамту жоспарланып отыр.

Оқушылармен сабақтарды математика, физика, информатика және дене шынықтыру сабақтарының мұғалімдерінен43 педагог жүргізеді. Солардың ішінде - қала мұғалімдері арасындағы шахмат ойындарының қалалық және облыстық спартакиадасы шеңберіндегі бірнеше дүркін жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар.