Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада қорытындысы
09-01-2017 09:53
Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада қорытындысы

15 жалпы білім беру пәндері бойынша 9 - 11 сынып оқушылары арасында өткен 55 облыстық пән олимпиадасы қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2017» номинациясын Павлодар қаласының құрама командасы иеленді.

Олимпиадада қаланың 16 мектебінен 59 оқушы қатысты. Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша 34 оқушы Павлодар қаласының 13 жалпы орта білім беру мектептерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны бойынша ең көп олимпиадалық командалар: № 37 ЖОМ (6 жүлделі орын), № 39 ЖОМ (7 жүлделі орын), Стикс (5 жүлделі орын). № 34 ЖОМ 3 орын, № 22, 33, 35, 36 ЖОМ 2 жүлделі орын. Жеңімпаздар атағын неміс тілі пәні бойынша Кан Полина, Стикс мектебінің 11-сынып оқушысы және француз тілі бойынша Джафарова Айлина, 9-сынып оқушысы, құқық негіздері бойынша Кендиров Аслан, № 33 ЖОМ 9-сынып оқушысы, орыс тілі бойынша Тілектесова Әсия, № 35 ЖОМ 11-сынып оқушысы, Қазақстан тарихы бойынша Айдарханов Айдар, № 37 ЖОМ 9-сынып оқушысы иеленді.

Өз оқушыларының жетістіктерімен Стикс мектебінің мұғалімдері Шмидт Лидия Андреевна, Сигакова Татьяна Григорьевна, № 33 ЖОМ Сыздықов Азамат Жанайдарович, № 35 ЖОМ Аубакирова Манат Камильевна, № 37 ЖОМ Қасымжанова Алия Егинбаевна бөліседі.

55 облыстық олимпиада қорытындысы бойынша № 39 ЖОМ неміс тілі мұғалімі Мокроусова Танзиля Рафкатовнаның 5 оқушысы жүлдегер болса, Стикс мектебінің француз тілі мұғалімі Сигакова Татьяна Григорьевнаның 2 оқушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды.