Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көптен күткен демалыстар да келді
06-01-2017 11:49
Көптен күткен демалыстар да келді

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Қысқы демалыстар-2016» шаралар жоспарына сәйкес мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында сауықтыру, көңіл көтеру, танымдық, спорттық және дамытушылық шаралардың кең ауқымды спектрі өткізіліп жатыр. Қызығушылықтары бойынша 350 ден астам шараларға, 200 үйірмелерге және секцияларға 1 - 11 сыныптар оқушыларын қамту 37000 адамды құрады. Барлық іс-шаралар танымдық және көңіл көтеру сипатында.

Қысқы демалыс кездерінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамтудың ең бір бұқаралық түрі ол, театрленген ертегі қойылымдарының формасындағы жаңа жылдық шыршасы болды. Балалар ертегі кейпкерлерімен бірге Мыстан кемпір, Қар Ханшайымы, жыл нышаны Әтешпен бірге қол ұстасып ән салды, би биледі, ойындар ойнады, Аяз ата мен ақшақарға музыкалық нөмірлер орындады.

5 - 9 сыныптар оқушылары үшін жаңа жылдық ертегі қойылымымен «Здравствуй, Новый год!» жаңа жылдық би конкурстық-ойын сауық бағдарламасы өткізілді. Жоғары сынып оқушыларына карнавал костюмдерін көрсету арқылы, жаңа жылдық би-көңіл көтеру бағдарламасы ұсынылды.

Мектептен тыс ұйымдарда спорттық, көңіл көтеру шаралары ұйымдастырылды. Балалар үлкен қуанышпен және жалынмен барлық сайыстар мен жарыстарға қатысты. Аса әуестікпен өз спорттық дағдыларын көрсетті.

Қысқы демалыс мезгілінде педагогтар «тәуекел топтағы» балалармен, оларды барлық шараларға белсенді қатысуларына тартып, мақсатты жұмыстар жүргізді.

Қаланың кинотеатрларына, музейлеріне, көңіл сауық орталарына, хауыздарына, спорт алаңдарына шығу ұйымдастырылды. Қыс мезгілінде қаланың 43 мектептерінде мұз айдындары жұмыс істейді.