Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы
04-01-2017 10:18
Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жас мұғалімдерге арналған кезекті «ПроЛС» клубының отырысы № 36 ЖОМ өткізілді. «Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» атты клуб отырысында жұмысын бастап келе жатқан жас мамандар вербальды емес қарым-қатынастар өнерін үйренді. Баланы жақсы түсіну үшін мұғалімге, әсіресе жаңа бастаған маманға ым-ишара мен әрекеттерді, тіл ерекшелігін зерттеу қажет. Бұл жұмыста мектеп психологі О. Г. Камшук көмектесті. Мұғалімнің балаға позитивті, эмпативті түрдегі қарым-қатынасы, балалардың мінез-құлқындағы қақтығысты, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас үдерісінде стресстік жағдайларды азайту бойынша сұрақтар қарастырылды.

«Әдістемелік көмек, бос уақытын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, пайда болған кез келген мәселелерді тәлімгермен бірлесе шешу жас мұғалімдерге мектеп ұжымында психологиялық бейімделуден өтуге және табысты педагог болуларына көмектеседі», - деп ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директор орынбасары Н.В. Копыльцова атап өтті.

Ағымдағы оқу жылында қаланың жалпы білім беру мектептерінен 100-ден астам жас мұғалімдер қабылданды: бастауыш сынып, қазақ, ағылшын, орыс тілдері, математика, физика, психологтер, биология, дене шынықтыру информатика, тарих, сурет, музыка, география, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері мен сызу мүғалімдері, тәрбиешілер.

«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» клубы 7 жыл қызмет етуде. Клуб отырыстарында жоспарлау, өздігінен білім көтеру, біліктіліктерін көтеру, құжаттарды жүргізу бойынша оқу-әдістемелік бағытындағы өзекті сұрақтар талқыланады. Оқыту коучинг, тренинг, семинар-практикум және іскерлік ойындар формасында жүргізіледі. Сәуір айында «Білім берудің өзекті мәселелері» ғылыми-әдістемелік конференция және жас педагогтер форумы «ПроЛС» клубының жұмысын аяқтайды.