Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қалалық мектеп басшыларының кеңесі
26-12-2016 06:44
Қалалық мектеп басшыларының кеңесі

2016 жылдың 24 желтоқсан № 22 ЖОМ-де Павлодар қаласы мектеп басшыларының кеңесі өтті.

Кеңесте оқушылардың 55 қалалық пәндер олимпиадасының қортындылары туралы, оқушылардың ғылыми сайыстарының қалалық және облыстық турларының қортындысы туралы, қала мектептерінде тамақтануды ұйымдастыру мониторингінің қортындылары туралы сұрақтары қарастырылды.

«Жыл бастамасы» жобасынның хаттамаларын жүзеге асыру туралы, мекемелер сайттарын өзектендіру бойынша жұмысы туралы сұрақтар тыңдалды.

Өз сөзінде Павлодар қаласы білім беру ұйымының басшысы Г. Ш. Қадырбаева дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру, қысқы демалыс кезінде облыстық олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізу, мектепте тамақтануды ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлді. Түлектердің сынамалы тестілеулерінің қортындылары туралы. 2017 бюджетті бекіту туралы 2017 жылғы нәтижелерге қол жеткізу туралы Меморандумның көрсеткіштерін бекіту туралы сұрақтары талқыланды. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі» өзгерістері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді