Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің Қазақстаным
22-12-2016 06:35
Менің Қазақстаным

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» сайысына, Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінен 4 ұстаз қатысты. Олар сайысқа кескіндеме, графика, батик техникасында орындалған 13 сурет ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша суретшілер Одағының алғыс хатымен Елена Ивановна Юминованың суреттері марапатталды, ал Раиса Петровна Степанко, Александра Станиславовна Ловина-Самошкина I дәрежелі дипломдарға ие болды. Сайыстың барлық қатысушылары сертификаттар иеленді. Ольга Ивановна Ловина байқауға акварельмен орындалған «Көл», «Монша» атты екі сурет, сондай-ақ аралас техникада салынған «Көктегі бір үйір жылқы» картинасын ұсынды. Раиса Петровна Степанко көрмеге гипс және акрилдік бояуларды қолдана отырып үлкен көлемді техникада орындалған «Гүлдер», «Көбелектер», «Бамбук» суреттерін таныстырды. Елена Ивановна Юминова көрмеге әр түрлі техникада салынған суреттерді ұсынды, олар: батик техникасында орындалған «Баянауыл көркі», «Ертіс алқабында», акварелдік кескіндеме техникасында «Ертістің үстіндегі күннің батуы», акварель және гелдік қаламмен салынған «Күнбағыс», академиялық сурет техникасында «Уақыттың басталуы» картинасы еді. Александра Станиславовна Ловина-Самошкина гелдік қаламда қала пейзажы суреттелген «Ескі қала», «Сөре» сияқты суреттер ұсынды.

Сайыс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өнерпаз ұстаздар арасында өтті. Облысымыздың 90 астам бейнелеу өнер ұстаздары кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнерден орындалған жұмыстарын көрсетті. Бұл сайыс 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында өткізілгендіктен, дәстүрге айналып кетті десе де болады.