Павлодар қаласының № 32 ЖНМ «Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинарға қалалық мектептердің 34 жас мамандары, сынып жетекшілері мен педагог-психологтары қатысты.
Семинарда баяндамалар тыңдалды: «Заманауи мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие» Р. Б. Базилова, № 32 мектебі директорының оқу ісі жөніңдегі орынбасары, «Оқушының бойында рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы қосымша білім беру» А. С. Аипова, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, «Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша мектеп жұмысының жүйесі туралы» Р. Қ. Жайдақбаева, № 32 мектебі директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары, «Оқушыны рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудегі отбасы мен сынып жетекшінің рөлі» Н. В. Бауэр, 2 сыныптың сынып жетекшісі, «Жасөспірімнің рухани мәдениетін қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасы» А. А. Бережная, № 32 мектебінің педагог-психологі.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде «Туған өлкем, гүлдене бер» тақырыбында жас сынып жетекшілеріне арналған сынып сағаты өткізілді және жас педагог-психологтарға арналған «Ерекше қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық ойын жүргізілді. Семинар соңында № 32 мектеп оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен 2016 жылы қараша айында Астана қаласына саяхат туралы музыкалық бейнеролик көрсетілді.