Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектеп ғұмырнамасы» мұражайының ашылуы
15-12-2016 06:39
«Мектеп ғұмырнамасы» мұражайының ашылуы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесін тойлау шеңберінде 2016 жылдың 14-желтоқсанында Павлодар қаласындағы № 43 ЖОМ-де «Мектеп ғұмырнамасы» мұражайының ашылу салтанаты өтті. Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар жинаған материалдар «Мектеп ғұмырнамасы», «Олар біздің мектепте оқыды» (Ұлы Отан соғысы кезінде майданға кеткен мектеп түлектері туралы), «Еңбегі сіңіргендерге құрмет», «Олармен мектеп мақтан тұтады»атты стендтерде және тағыда басқа экспозицияларда орын алды.

Ашылу салтанатында Павлодар облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, құрметті теміржолшы, Тың теміржол бөлімінің бұрынғы басшысы, «мектептің құрметті досы», Әби Сарқыншақұлы Сарқыншақов қатысты, олтеміржол мектебінің негізін қалап, құрлысына белсенді ат салысқан. Білім саласының ардагерлері, Павлодар қаласы білім бөлімінің мамандары мектеп мұражайының маңызы мен рөлі болашақ ұрпақты отан сүйгіштік сезімде тәрбиелеуде жетелейтіндігін атап өтті, себебі «өз тарихын білетін, болашағына зор сеніммен қарай біледі».

«Мұражайдың ашылуы жайында ойлар ертеден туындады: өйткені мектептің тарихы Короленко көшесіндегі кішкентай ғана саманнан қаланған үйден 1921 жылдан басталып, 2016 жылының қараша айында 95 жыл толды. Мұражайдың ашылу мақсаты жас жеткіншектер мұра ретінде қалған мектеп тарихын, дәстүрлері мен тәжірибесін ардақтап, құрметтеп, бағалауға бағытталған», - деп атап өтті мектеп директоры Зағипа Жұмабайқызы Оразалинова.